«Жанартау лавасы»

«Жанартау лавасы»

«Қызықты ғылым» кітапханалық зертхана аясында 16 сәуір күні «Жанартау лавасы» шеберлік сыныбы өткізілді. Балаларға шынайы жанартау лавасының атқылау үлгісін көрсетті. Химиялық реакция кезінде пайда болатын дәл осы құбылысты 1754 жылы Джозеф Блэк (шотландылық физик және химик) ойлап тапты.
«Жанартау лавасы» кітапханалық зертханамызда балалар жанартаудың түр-түрлерімен және де басқа да қызықты мәліметтер алды. Жүргізілген тәжірибе қарапайым әрі қауіпсіз болды, балалардың байқау, салыстыру, жинақтау, қорытындылау сияқты дағдыларын дамытуға бағытталды. Ең қызығы керекті заттар өте қол жетімді, күнделікті қолданылатын тұрмыстық қажеттіліктер, олар: сода (гидрокарбонат натрия), лимон қышқылы, өсімдік майы, қызыл бояу. Дәл осы қоспалар арқылы біздің қызықты тәжірибемізді үй жағдайында қайталап көруге болады. Тек, үлкендердің көмегімен!
Шеберлік сынып қорытындысында танымды химия бойынша тақырыптық кітаптар мен журналдарға шолу жасады.

1 (1)

 

 

 

 

Comments are closed.