Жауынгерлік орденімен марапатталады

Жауынгерлік орденімен марапатталады

Ұлы Отан соғысы жауынгерлерінің ерліктері халықтың жадында мәңгі сақталады. Олар туралы әндер мен аңыздар, өлеңдер мен поэмалар жазылып, кітаптар шығарылады.

02 мамырда Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы ауданның үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінің тәрбиеленушілері мен олардың ата-аналары үшін қарағандылық Кеңес Одағының батырлары мен Даңқ Орденінің толық кавалерлері туралы «Жауынгерлік орденімен марапатталады» еске алу кеші өткізілді.

Іс-шара соғыстан оралмағандарды еске алуға арналған минуттық үнсіздікпен басталды.

Өткізілген іс-шараға қатысқандар слайдтық таныстырылымның көмегімен Н.Әбдіровтің, М.Мамраевтың, П.Теряевтің, А.Дударенконың, М.Сүлейменовтің, В.Христенконың және біздің жарқын болашағымыз жолында жасаған ерлігі үшін жоғары марапаттарға ие болған басқа да Қарағанды мен Қарағанды облысы тумаларының ерліктері туралы білді.

Соңында «Қазақстанның Ұлы Жеңіске қосқан үлесі» циклінен «Ұлы Отан соғысындағы қазақстандық батырлар» бейнеролигі көрсетіліп, кітаптарға шолу жасалды.

Comments are closed.