«Жетістік формуласы» бенефис шоуы. Кәріпбек Куюковпен диалог

«Жетістік формуласы» бенефис шоуы. Кәріпбек Куюковпен диалог

Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасы Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасымен бірлесе қаланың белгілі тұрғындарының қатысуымен қаланың оқырман оқушылары мен студенттеріне арналған «Жетістік формуласы» бенефис-шоуын екінші жыл өткізіп отыр.

«Жетістік формуласы» бенефис-шоу жобасы «Рухани жаңғыру» бағдарламасының іс-шаралары мен жобаларының республикалық тізіліміне енгізілген.

Кезекті «Жетістік формуласы» бенефис-шоуы 4 сәуір сағ.15.00-де өткізілді. Диалог алаңына қазақстандық суретші, «Невада-Семей» ядроға қарсы халықаралық қозғалыстың белсендісі Кәріпбек Телтайұлы Куюков шақырылды.

№ 86, 15, 62 ЖОББМ, №3 гимназияның оқушылары және КГТУ Қарағанды колледжінің студенттері Қонақпен танысып, әңгімелесуге мүмкіндік алды.

Кәріпбек Куюковке жетістік пен танымалдық бірден келген жоқ. Болашақ суретші күрделі де қиын жолды бастан кешірді. Семей сынақ полигонындағы ядролық сынақтар кезінде оның ата-анасы радиацияның әсеріне ұшырағандықтан, ол дүниеге қолы жоқ болып келді. Кәріпбек өзінің шығармашылығы мен өмірін ядролық қару сынақтарының қайғылы зардаптарын ешкім де және еш жерде сезінбейтін әлемді құруға арнады.

Ол шетелде оқу бітіргеннен кейін табысты бухгалтер болды, сонымен қатар ядролық қаруға қарсы халықаралық қозғалысқа белсене қатысты. 1989 жылы «Невада-Семей» ядроға қарсы халықаралық қозғалыстың белсендісі ретінде Невадада, АҚШ-та, Германияда, Жапонияда және Түркияда болды. Ол кейіннен осы қозғалысқа қатысқаны үшін «Құрмет» орденіне ие болды.

Оның Семей сынақ полигонындағы жарылыстар, олардың салдары, адамдардың қайғылы тағдыры және тіршілік етуге ұмтылыс күші туралы әңгімесі кездесуге қатысушыларды адам мінезінің беріктігі мен адамның мүмкіндіктері туралы ойлануға мәжбүр етті.

Қонақ бала кезінде оқыған кітаптары туралы өзінің әсерлерімен бөлісті. Н.Островскийдің «Құрыш қалай шынықты», «Библия» кітаптары, А.Беляевтің фантастикалық повестері оның есінде қалған.
Балалар кездесу барысында: «Сіздің шығармашылығыңыз қалай басталды?», «Сіздің физикалық ерекшелігіңізге себеп болған адамдар мен оқиғаларға Сіз ашуланасыз ба?», «Қиын сәттерде Сізге кім қолдау көрсетті?», «Сіз теріс эмоцияларыңызды қалай жеңе алдыңыз?», «Сіз өз суреттеріңізде нені бейнелеуді ұнатасыз?» және тағы басқа сұрақтар қойды.

Қонақ ең қызықты сұрақтары үшін КГТУ Қарағанды колледжінің студенті Артур Жигалды, үшінші сынып оқушылары Аруана Домбайды және Арсен Абдрахмановтарды атап өтіп, оларға естелік сыйлықтар берді.

Балаларға танысу үшін «ЖҰЛДЫЗҒА теңескенше оқы» кітап көрмесінде қазіргі заманғы балалар кітаптары, ал «Балалық шағымның кітаптары» тақырыптық сөресінде Кәріпбек Телтайұлы Куюков қызыға оқыған кітаптар ұсынылды.

Алаңда 17 сұрақ қойылып, барлығына жауап берілді.

№ 62 ЖОББМ 5 «А» сынып оқушысы «Әуен» күйін музыкалық сыйлық ретінде Қонаққа арнап орындады.

Кәріпбек Куюков кездесу соңында «Құрметті Қонақтар кітабында», ал балалар «Оқырмандар пікірі кітабында» бенефис-шоу туралы естелік пікірлерін қалдырды.

Comments are closed.