«Жетістік формуласы» бенефис-шоуы Нияз Сундиталиевпен диалог

«Жетістік формуласы» бенефис-шоуы Нияз Сундиталиевпен диалог

2019 жылғы 6 наурызда «Saryarqa» арнасында «Жетістік формуласы» бағдарламасының телевизиялық түсірілімі болды.

Біздің аттас жобамыз «Рухани жаңғыру» бағдарламасы іс-шараларының республикалық тізбесіне енгізілген. 15 наурызда бағдарлама эфирге шықты.

Диалог алаңында Қарағанды облысы әкімінің «Қайнар» сыйлығының лауреаты, қоғам қайраткері, блогер Нияз Сундиталиев және балалар кездесті, барлығы 60-тан астам адам.

Нияз белсенді өмірлік ұстанымда, ол қоғамдық қызметпен айналысады, балалар үйлері мен интернат балаларына арналған қайырымдылық мерекелерін ұйымдастырады, мүгедектігі бар адамдардың мәселелерін көтеріп, олардың проблемаларын зерттейді. Биылғы жылы біздің Құрметті қонағымыз Қарағанды қаласының қоғамдық кеңесіне мүше болды.

Осы өмірде өз орнын тапқан, жігері жасымаған, қиындықтарды жеңіп, белсенді өмір салтын ұстанатын адаммен сұхбаттасу балаларға өте қызықты болды. Сұхбаттасу барысында Қонақ өзінің үш жетістігін: парашютпен секіргенін, сенім артатын шынайы достарын және ерік-жігерін атап өтті.

«23 жасыма дейін мүлдем сау, жігерлі болдым, өмірімнің әр кезі минутына дейін белгіленген. Ол уақыт қуанышты бояуларға толы болды» – дейді Нияз. Бағдарлама кейіпкері жазатайым оқиғадан кейін өз-өзіне келе алмады, не істеу керектігін, қалай өмір сүру керектігін білмеді, бірақ ол қиындықтарды жеңе білді, осыны мақтан тұтады. Таңқаларлығы, Нияз өмірде көп қиындықты бастан кешірсе де, адамдарға, ізгілікке деген сенімін жоғалтпады.

Диалог барысында балалар хоббийі, болашақ жоспарлары, өмірлік ұстанымы, блогерлік қызметі, махаббат туралы және оған күш-қуат пен сенімділікті не беретіні туралы сұрақтар қойылды.

«Сіздің өміріңіздің үш кезеңіне қандай үш әнді байланыстырар едіңіз?» – деген сұраққа Нияз Сундиталиев «Детство», «Плот» және «Поворот» әндерінің үзінділерімен жауап берді. Қонақ үшін осы сұрақ өте қызықты болды да, Нияз Масленникова Миленаға Франция туралы кітапты және VR BOX виртуалды шынайлылық көзілдірігін сыйға тартты.

Өз кезегінде, жоба ұйымдастырушылары Ниязға табыстылық пен танымалдықтың символы «Жетістік формуласы» статуэткасын және Абайдың «Қара сөздері» кітабын табыс етті.

http://kartv.kz/ru/archive/programs/programs_poz/Formula_uspeha/915499

Comments are closed.