«Жетістік формуласы». Мыңжылқы Бердіқожаев.

«Жетістік формуласы». Мыңжылқы Бердіқожаев.

2021 жылдың 28 қазан күні «Жетістік формуласы» телевизиялық жобасының кезекті түсірілімі жоғары дәрежелі нейрохирург дәрігер, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы Мыңжылқы Бердіқожаевпен өтті. Мыңжылқы Сайлауұлы Алматы қаласындағы Орталық клиникалық ауруханасының нейрохирургия орталығының басшысы, денсаулық сақтау ісінің магистрі, 5000-ден аса сәтті ота жасап, пациенттердің ризашылығына бөленген жан.
Іс-шараға Н. Нұрмақов атындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты, С. Сейфуллин атындағы гимназия, А. Байтұрсынұлы атындағы мектеп-гимназиясының жоғары сынып оқушылары және Қарағанды облыстық жоғары мейіргерлік колледжінің студенттері қатысты. Балалар мен қонақ арасындағы диалог көңілге жағымды, әсерлі өтті.
«Мыңжылқы үшін медицина қалай басталды?» – деген сауалға: «6- сыныпта оқыған кезде, бір себеппен дәрігерге қаралу керек болды. Отбасымыздың досы хирург болып жұмыс істейтін, Сол кісінің сөйлеу мәнері, тіл байлығы, өзін-өзі ұстауы, нақты диагноз қоя білгені мені таңқалдырып, өскен кезде дәрігер болсам ба деген арманыма негіз болды»,– деді Мыңжылқы Бердіқожаев.
Нейрохирургия-күрделі мамандық, әрі өте қызықты мамандық. Мыңжылқы Сайлауұлының медицинаның ішіндегі нейрохирургияны таңдауына нейрохирургияда жалпы хирургия сияқты қосымша травматологияның элементтерінің екендігі себеп болған.
Қонақ күрделі оталарға қатыса жүріп, ағылшын тілін өз бетінше қалай меңгергенін айтып барді:«2008 жылы А.Драгункиннің «Быстрый английский для энергичных лентяев» деген кітабықолыма түсіп, сол кітапты оқып, ағылшын тіліне қызығушылығым артты. Жалпы тілді меңгеру үшін 5 жылдай уақыт кетті. Германияға барғанда, шетелдік дәрігермен сөйлесу үшін 1 айдың ішінде ағылшын тілі деңгейін көтеру керек болды. Көп ұзамай ағылшын тілінде еркін сөйлеуді ғана емес, күрделі кәсіби терминдерді меңгеруге қабілетім жетті», – деді ол.
М.Бердіқожаевтың өмірде үлгі тұтатын тұлғалары ретінде хирургияны үйреткен ұстазы Шимон Маймон мен Германияның Эссен қаласындағы «Alfried-Krupp Krankenhaus» емханасының профессоры Рене Шапонды атап өтті.
Сұхбат барысында кез келген мамандық иесі болу үшін білімді болудың маңызды екендігін, еліне, жеріне деген патриоттық сезімнің жоғары болуын сөзге тиек етті. Мыңжылқы Сайлауұлы әлемді мойындатқан маман болса да, өз еліне, тіліне деген құрметін. Өмір ұстанымы екенін өз елімде, өз ұлтымды ана тілінде сөйлеп емдегінімнен ләззат аламын деген жауабы арқылы балаларға ой тастады.
«Жетістік формуласы» телевизиялық жобасының шарты бойынша қонақ өзіне ұнаған үздік сұрақтарды таңдап, оқушыларға естелік ретінде кітаптарды сыйға тартты.
Жоба ұйымдастырушылары Мыңжылқы Бердіқожаевқа А. Құнанбайұлының «Қара сөздері» кітабын және табыстылық пен танымалдықтың символы – «Жетістік формуласы» кәдесыйын табыс етті.

IMG_5573
IMG_5577
IMG_5555
IMG_5565

 

Comments are closed.