Жобаны құру идеясы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы: «Жанымызда Тәуел¬сіздік дәуірінде өзінің еңбегімен, білімімен, өнері¬мен озып шыққан қаншама замандастарымыз бар. Олардың жүріп өткен жолдары – кез келген статистикадан гөрі сенімді» деген сөздерімен үндес келеді.
Әлеуметтік даму жобасы Қазақстанның қызықты және табысты адамдарымен таныстыру, оқу мәртебесін арттыру арқылы жасөспірімдер мен жеткіншектерді тұлғаның дамуына бағдарлауға деген ұмтылысымен айқындалады.
2018 жылы жоба «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жобалары мен іс-шараларының республикалық тізіліміне енгізілген.
2019 жылдан бастап жоба телевизиялық форматта шыға бастады.

         Жобаның мақсаты: Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанның дамуына ерекше үлес қосқан қазақстандықтардың нақты тарихының үлгісі арқылы табыстылықты, уәждемені, бәсекеге қабілеттілікті және білімге деген ұмтылысты насихаттау; «Жетістік формуласы» телебағдарламасын жасау.

         Жобаның міндеттері:
– 12 – 16 жас аралығындағы балалардың тұлғалық өзін-өзі анықтауын, белсенді өмір салтын кеңінен танымал ету;
– еліміздің қызықты және табысты адамдарымен таныстыру арқылы балалардың өмірлік бағдарлануы мен мақсаттарын қалыптастыру;
– оқудың мәртебесін арттыру және кітапханаға жаңа оқырмандарды тарту.
«Жетістік формуласы» – бұл диалог түріндегі қарым-қатынас, онда өскелең ұрпаққа лайықты үлгі болып табылатын Қазақстанның танымал және құрметті тұлғасына оқырман оқушы сұрақ қоя алады.
Диалог алаңының қатысушылары – 12 – 16 жас аралығындағы жеткіншектер мен жастар. Бұл жаста қоғамдық ұстаным мен болашаққа деген мақсаттылық қалыптасады.
Табысты адамдармен кездесу балаларға өмірдегі бағдарларды қалай дұрыс таңдауға бағыт береді, табыстылық бұл тек материалдық игілік қана емес, ол рухани-адамгершілік құндылықтардың, белсенді азаматтық ұстанымының бар екенін және рухының мықтылығын түсінуге көмектеседі.
Қонақ бағдарламаның телетүсірілімінің соңында ең қызықты сұрақты анықтап, таңдаған қатысушыға өзінің сыйлығын береді.
         Бағдарламалар «Instagram», «Facebook», «ВКонтакте» әлеуметтік желілерінің кітапханалық парақшаларында, кітапхананың www.odb-abai.kz және «Сарыарқа» телеарнасының www.kartv.kz сайттарында, сонымен қатар кітапхананың ресми «YouTube» арнасы мен «Новое телевидение» телеарнасында қойылды.