Шiлде 1, 2018 Жолбарыспен әңгімелесу By odb-abai inЖаңалықтар Балалар әдебиеті әрдайым балаларға да, ересектерге де ұнайды. Ересектер тіпті балалық шағы туралы еске түсіріп, сол арқылы өздеріне жақсы көңіл – күй сыйлайды. Кітапханамыздың «Күншуақ» бөлмесінде кезекті дауыстап оқылымда Дональд Биссеттің «Жолбарыспен әңгімелесу» атты кітабы таныстырылды. Д.Бисеттің шығармашылығы Лондон телеарнасына және балалар бағдарламасына ертегілер жазудан бастаған. Автордың кітаптары кез-келген жаста оқылатын сиқырлы кітаптардың тізімінен үнемі табылып келеді. Балалар мен олардың ата-аналары «Жолбарыспен әңгімелесу» ертегісін қызығушылықпен тыңдады. Оның ертегілерінде күрделі сюжеттер жоқ, барлығы автордың қиялынан алынған. Дональд Биссеттің РРРР жолбарысы, жазушымен бірге саяхат жасағанды жақсы көреді. Д. Бисеттің кейіпкерлері – ойыншықтар, фантастикалық кейіпкерлер, тұман, жапалақ және пойыздар тіпті Адмирал Нельсон дәлірек айтқанда оның Трафальгар алаңындағы мүсіні қиялдан алынған. Бұл кітаптың тілі оқуға оңай әрі қызықты. Кітаптің негізгі идеясы – достық туралы. Дауыстап оқудың соңында Биссеттің ертегісіне түсірілген «Ұмытылған туған күн» атты қуыршақ мультфильмі көрсетілді.