Жолдау аясында

Жолдау аясында

20 ақпанда №1 гимназияның 7 «А» сынып оқушылары Президенттің «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауы бойынша «Қазақстанның стратегиялық даму жолдары» ақпараттық сағатына қатысты.

Балаларға Елбасы белгілеген алдағы жылдардағы еліміздің даму бағыттары мен міндеттері түсіндірілді. Кітапханашылар Жолдаудың қазақстандықтардың тұрмыс деңгейін арттыруға, экономика, білім, денсаулық сақтау және спорт сияқты тұрмыс салаларын жетілдіруге бағытталғанын айтты.

Балалар «Қазақстанның даму бағдарламаларын жүзеге асыру» бейнеролигін тамашалап, «Жолдау – дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты кітап көрмесімен танысты.

Comments are closed.