Журналым сырласым

Журналым сырласым

Жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын балалар кітабының апталығы кезекті күнінде, яғни наурыз айының 12 күні кітапханамызда «Айтшы, Әжетай» Республикалық балаларға арналған әдеби- танымдық журналының бас редакторы Нұрқанова Сандуғаш Болатханқызы және ақылдастар алқасы, ҚР Білім беру үздігі Сарқыт Чотбаевамен кездесу кеш өткізілді.

Іс- шараға қаламыздағы №92 гимназия, №4 ЖББОМ 4-5 сынып оқушылары қатысты. Жас оқырмандарымыз «Айтшы, әжетай» журналының бас редакторына өздерінің көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, толыққанды жауап алды.

Балалар «Айтшы, әжетай» журналынан алынған жұмбақтардың, ребустар мен анаграммалардың жауабын дұрыс тауып тәтті сыйлықтарға ие болды. Сондай-ақ, журналдың бас редакторы көп балалалы отбасында тәрбиеленетін балаларға журналға жарты жылдыққа тегін жазылуға сертификаттар табыстады.

Comments are closed.