Қазан 12, 2023 «Өзіңді қалай қорғауға болады» қауіпсіздік сабағы By odb-abai inЖаңалықтар Балалардың қауіпсіздігі жылдан жылға өзекті мәселе болып тұр. Негізгі себептердің бірі-балалардың қазіргі заманда болып жатқан қауіп-қатерді түсінбеушіліктері, қауіпсіз мінез-құлық дағдыларының болмауы. Осы мақсатта кітапханада «Өзіңді қалай қорғауға болады» атты қауіпсіздік сабағы өткізілді. Балаларға кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспектор және психолог Юсупова Ирина Владимировна ортаның қауіпті және зиянды факторларын қалай тануға және бағалауға, олардан қорғанудың тәсілдері туралы үйде, көшеде және табиғатта төтенше жағдайларда қауіпсіз мінез-құлық ережелерін еске түсіріп, қатысушыларға өз өмірі мен денсаулықтарын қорғау туралы айтып берді. Жас оқырмандар өмір қауіпсіздігі туралы кітаптармен қызығушылықпен танысты. Кездесу соңында барлық қатысушыларға ақпараттық парақшалар табысталды.