Қыркүйек 30, 2024 «Өзін-өзі жүзеге асыру алгоритмдері» тренингі By odb-abai inЖаңалықтар Кітапханада «Мен – тұлғамын» коучинг – орталығы аясында оқырмандар үшін «Өзін-өзі жүзеге асыру алгоритмдері» атты тренинг өткізілді. Тренинг балаларға тиімді оқу дағдыларын дамытуға, мотивация мен өзіне деген сенімділікті арттыруға бағытталған. Тренингті ойын түрінде психолог Е. Верховяк жүргізіп, қорқынышты жеңу әдістемесімен бөлісті, сонымен қатар балаларға өзінің мүмкіндіктері туралы жағымды сенімдерді қалай қалыптастыру керектігі туралы айтты.