Зерттеу жұмысының құрылымы

Зерттеу тақырыбы: «Ескерткіштер тарих куәсі»

Зерттеудің өзектілігі, көкейтестілігі: Туған жердің тарихын зерттеу әрқашанда өзекті мәселе. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында Елбасы бүгінгі жас ұрпақтың бойына сүйіспеншілік, патриоттық сезімді қалыптастыру керектігін айтты. Менің ойымша, туған өлкеге сүйіспеншілік туған тарихыңды тереңнен білуден, атамекеніңді құрметтеуден басталады. Өңірдегі елді мекен атауларының этимологиясы, тіпті туған жердің өзені мен сайы, ойы мен қыры, – тұнып тұрған тарих. Міне, осы жер атауларының тарихын жас ұрпақтың білгені абзал. Сондықтан, білім беру саласында өлкентану жұмыстарын кеңінен жүргізу қажет деп есептеймін,-деген еді. Осы орайда өзімнің туған жерімдегі ескерткіштердің атауларының шығу этимологиясын зерттеуді қолға алдым.

Зерттеу объектісі: Елді-мекеннің тарихи және жаңа ескерткіштері.

Зерттеудің мақсаты: Туған жердің тарихын терең білуге және тұтас елдің дамуындағы ауылдың алатын рөлін анықтауға, туған ауылының дамуы ел дамуының негізгі құрам бөлігі ретінде көзқарастарын қалыптастыру, зерттеу жұмысы дағдыларын дамыту.

Зерттеу міндеттері: өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беру; шығармашылық қабілеттерін, танымдық және практикалық дағдыларын дамыту: оқырмандардың шығармашылық әлеуетін ынталандыру; олардың ойлау қиялын дамыту.

Зерттеудің болжамы: Егерде әр адам өз өлкесінің тарихын білуге қызығушылық танытса, онда ол елде жетелі ұрпақ өседі, өйткені ертеңгі күн-бүгінгі тарих, ал өз елінің тарихын білу нағыз патриоттылық. Патриот ұрпағы бар ел ешқашан өшпек емес.

«Ескерткіштер тарих куәсі»

Мемлекет басшысы отансүйгіштік сезімнің кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталатынын қадап айтты.
Соған орай кентіміздің талай тарихын сақтап тұрған тарихи ескерткіштері мен көрікті жерлерін аралатып қана қоймай, оның тарихын жеткізуді көздеуден туған ғылыми жұмыс. Осы жұмыс арқылы әрбір оқырман небір қызықты деректермен таныса алады, фотосуреттерін көре алады.

1909 жыл 30 тамыз :
Свято-Троицкий ғибадатханасы /храм/

Шіркеудің алғашқы тасы 30 тамыз 1909 жылы қаланған.
1894 жылы Ресей империясының үкіметі Оралдан тыс жерде орналасқан жаңа шаруалар селоларына мектептер мен шіркеулер салу үшін ІІІ Александр император атындағы қор ашады. Осы қор арқылы бұрынғы Санниковское /бүгінгі Ботақара кенті/ селосында шіркеу салуға 500 рубль көлеміндегі алғаш қаржыны 19 ақпан 1903 жылы Әулие Иоанн Кронштадский аударған. Одан кейін 19 ақпан, 9 мамыр, 19 шілде 1903 жылы Мәскеудегі Варвара шіркеуінің аға попы Феофилакт Кротков 1500 рубль аударған. Қызыл кірпіштері мен ағаштарын қарқаралылық көпестер Рязанцевтар әкелген. Осы шіркеуге диірмен иесі Рязанов, жалпы жұртшылықтың жиналуымен барлығы 30 мың рубль жұмсалып, 1913 жылы құрылысы аяқталған.
Шіркеу жобасының авторы Омбы қаласындағы атақты архитектор, шіркеу суретшісі Г.С.Бартковский болуы мүмкін деген сөз бар.
Алғашқы дін қызметшісі – 7.04.1908-16.11.1909 жылы Қарқаралы қаласынан келген Феодосий Патрушев, 22.11.1909-11.08.1910 жылы Тверь губерниясынан келген Николай Павский, 27.11.1910 жылдан Леонид Дмитриевич Лебедев /1921 жылы сәуірде Санниковское селосына қызыл әскерлерден қашып келе жатқан эсерлер мен кулактар 13 коммунист пен комсомолды азаптап өлтіреді. Соңынан келген қызылдар селода қалып қойған 12 попты атып, дін қызметшісі Л.Лебедев пен діни жыршы И.Решеткинді өлтірген. Осы жерде бүгінде елгі орнатылған/. 1996 жылы Александр Мартынов, 2000 жылдан иерей Виктор Гущин.

Діни жыршы 4.10.1908 жылы Саратов губерниясынан Николай Громадский, кейін Исидор Решеткин /1921 жылы қызылдар қолынан қаз а тапқан/.
Староста қараша айы 1908 жылы шаруа Петр Ищенко болған.
Кеңес өкіметінің алғашқы жылда рында шіркеудің күмбездері құлатылып, ол қойма орны болған. Кейін кинозал мен кітапхана бөлмелері қосылып, одан кейін, клуб, сосын «Орбита» кинотетары болған.
1994 жылдан бастап шіркеу жұмысы қолға алынған.
2006 жылы жөнделіп, 2008 жылы кәсіпкер В.Г.Кириллиннің қаражатымен қоңыраулары қойылды.
2009 жылы 20 қазанда 100 жылдығы аталып өтті.

 

1921 жыл 7 сәуір :
Совет өкіметін орнату жолында
қаза тапқан жауынгерлер ескерткіш-обелискі

1921 жылдың басында Қазақстанның солтүстігінде Есіл-Петропавл эсерлері мен кулактарының бүлігі бұрқ ете түсті. Олардың бүлікшіл қозғалысынан хабардар болып отырған елді мекендердегі поптар мен кулактар алдын ала азық-түлік дайындап, қызыл ұйымдағы адамдар тізімін жасап көрсетіп беріп отырған. Қызыл Армия бөлімдерінің соққысынан бүлікшілер Қарқаралыға қарай шегінді. Жолшыбай ел тонап, Святогоровкада, Крещеновкада, Астаховкада, Сергиополь, Миньковкада т.б. селоларда совет қызметкерлерін айуандықпен өлтірді.
1921 жылы 5 сәуірде таңғы сағат 10-00-де қарақшылар қазіргі Ботақара кенті, бұрынғы Санниковское селосына басып кіріп, 13 коммунисті, комсомолдар мен партияда жоқ активтерді айуандықпен жазалады. Олар: Березюков Ефим, Березюков Петр /әкесі мен ұлы/, Логвиненко Николай, Васильченко Степан, Рябинин Николай, Рябинин Тимофей, Черняев Кузьма, Чубов

Петр, Горбатенко Адам, Лащухин Илья, қалған үшеуі азық-түлік отрядынан: Николаев, Пьянков, Петров.
Екі күннен кейін келген қызыл әскерлер 7 сәуір күні қаза тапқан 13 адамды бауырластар зиратына қойып, ағаштан обелиск тұрғызып, есімдерін жазып, басына қызыл жұлдыз орнатқан. Кейін 1958 жылы бұл ескерткіш-обелиск өңделіп, тастан қаланды.
2016 жылы жұртшылықтың бастамасымен өшуге айналған есімдері қайта қашап жазылынды. Ботақара кентінде осы 13 адамның ішінен Березюков пен Черняев атында көшелер бар.

1995 жыл:
«Ешкім де ұмытылмайды, ешнәрсе де ұмыт қалмайды».
«Никто не забыт, ничто не забыто» мемориалы:

Ботақара кентінде Ұлы Жеңістің 50 жылдығына орай салтанатты түрде ашылды. Аталмыш ескерткішке осы Ботақара кентінен аттанып, 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында қаза тапқан және белгісіз кеткен жауынгер-майдангерлердің аты-жөні енгізілген. Оған 1278 жауынгердің есімі тіркелген. Ескерткіш мрамордан жасалынған.
2010 жыл: Аудан әкімі Е.Е.Нашаров тұсында Ұлы Жеңістің 65 жылдығына орай ескерткіштің тақтасындағы мрамор плиталары қара түсті керамогранитпен ауыстырылды. Қабырғалары керамогранитпен ауыстырылды. Жазу мен мәңгілік алаудағы жұлдыз жаңартылып боялды. «1941-1945» жазулары жаңартылды. Жауынгерлер есімі 324 адамның аты-жөнімен толықтырылып, барлығы 1602 адам болды. Аудандық ардагерлер кеңесінің үндеуімен жұртшылықтан, мекеме мен ұйымдардан, кәсіпкерлерден қаражат жиналды. Жалпы ескерткішті өңдеуге 7 миллион теңге ақша жұмсалды.
Сол кездегі дерек бойынша аудан бойынша 39 соғыс ардагері, 734 тыл ардагері, 12-і фашистік концлагерлер тұтқынында болғандар. Жалпы аудан бойынша 19 млн.193 мың теңге материалдық көмек, оның ішінде 7 млн.868 мың теңгесі жергілікті бюджеттен бөлінген.
2015 жыл: 12 қаңтарда Ұлы Жеңістің 70 жылдығы қараңында аудан әкімі Н.Кобжанов аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Т.Арбабаев, Қарағанды облысының суретшілер Одағының төрағасы А.Калмахановпен кездесіп, ескерткіштің жайын көрді. Ондағы мәңгілік алау жұлдызын және «Никто не забыт, ничто не забыто» жазуларын өңдеу, ескірген керамика плиталарын гранитпен ауыстыру, гүл клумбаларын орнату, сонымен қатар екі жерлесіміз, Кеңес Одағының Батырлары: И.И.Корнеев, П.П.Корниенколарға арналған естелік плиталар орнату, сынды жұмыстар жүргізу үшін жергілікті бюджеттен 8 миллион теңге ақша бөлінді.

1999 жыл қараша айы:
Бұқар жырау мүсіні

Аудан әкімі Т.Е.Зейнешевтің шешімімен әкімшілік алдына Бұқар бабаға бюст – мүсін орнатылды. Салтанатты ашылуына облыс әкімі К.Е.Мұхаметжанов қатысты. Мүсіннің авторы республикаға белгілі қарағандылық мүсінші Мұрат Қалқабаев, орындап жасаушылар Виктор Савин, Виктор Боик.
Салтанатты шарада айтыскер ақын Аманжол Әлтаев арнау айтты. Имам Сұлтанғали Шолақов баба рухына дұға бағыштады. Осыдан кейін К.Мұхаметжанов, Т.Зейнешев, Бұқар баба ұрпағы Рапық ақсақалдар мүсін жамылғысын сыпырып, ашу құрметіне ие болды. Одан кейін мәдениет үйінде концерттік бағдарлама, «Аққу» кафесінде ас берілді.

2002 жыл 5 қараша:
Жыржыс қажы атындағы мешіт

Мешіттің аты берілген Жыржыс қажы Арпынұлы /1845-1929/ Павлодар облысы Баянауыл ауданы Көкдомбақ елді мекенінде дүниеге келген.
Қасиетті Түркістанның Қарнақ медресесінде білім алып, имандылық жолмен Аллаһқа сыйынып, Мекке-Мәдинаға барып, қажылық парызын өтегеннен кейін, қазіргі Бұқаржырау ауданының Ақжар елді мекеніне жақын жерден мешіт салдырған.

 

 

2008 жыл тамыз айы:
Әкімшілік алдындағы субұрқақ /фонтан/. «Самғау» стеласы.
Кенттің кіре берісіндегі арка / доға тәрізді жабын/

 

 

 

 

 

2009 жыл 1 қазан:
«Жас жырау» ескерткіші. Жастар аллеясы.
Құлама су /каскад/. «Бота үстіндегі бала» ескерткіші.

 

 

 

 

2010 жыл 27 тамыз: «Шамшырақ» демалыс орны
2011 жыл қазан айы: «Тәуелсіздік» монументі
2013 жыл 16 қаңтар: «Батырлар аллеясы» скульптуралық композициясы
2014 жыл 19 қыркүйек: Бұқар жырау ескерткіші
2017 жыл 26 мамыр: Полиция қызметкерлерін еске алу обелискі