Ойын арқылы ағылшын тілі

Ойын арқылы ағылшын тілі

Әрбір ағылшын тілін үйренуші оқу процесінің жеңіл әрі қызықты болғанын қалайды. Жаңа күнтізбелік жылдың басталуымен кітапхананың жайлы атмосферасында «Ойын арқылы ағылшын тілі» ағылшын тілі үйірмесі өз жұмысын жалғастырды.

Сабақ барысында үйірме жетекшісі Малика Боранбаева ойын түрінде балаларға ауызекі тілдегі жалпы сөйлемдерді үйретті, олардың сөздік қорын кеңейтіп, таныс сөздерді жазуға жаттықтырды.

Обсуждение закрыто.