Маусымның 8 күні балалардың шығармашылық қабілеттерін қолдау мақсатындағы «Абай жүрген ізбенен…» клубының кезекті отырысы өтті. Клуб мүшелері өздерінің шығармашылық қабілеттерін жетілдіре түсу мақсатында белгілі ақын, жазушылардың (А. Құнанбайұлы, Ф. Оңғарсынова, М. Мақатаев, С. Ақсұңқарұлы т.б.) шығармаларынан үзінді оқып, өздері қалам тербеп жүрген кітап, достық, махаббат жайында жазылған өлеңдерінен үзінді оқыды. Және отырыс соңында «Әжемнің оймағы» атты шағын әңгіме талқыға салынып, оқыған прозалары жайында да әдеби әңгіме қозғалды. №1 «Білім-инновация» лицей интернатының 10 сынып оқушысы, клубтың белсенді мүшесі Құрмансейіт Серіктің «Жеке ойым» өлеңінен үзінді. Жеке ойым (үзінді) Ой-санамды мазалайды бір сұрақ, Уақыт деген тез өшетін шамшырақ. Неге оны үнемдейтін жандар аз? Сол сұраққа жауап бергім кеп тұрад. Шешімін мен білмеймін – ау, тек, бірақ, Эх, жанымды сол жегідей жеп барад. Кім біледі бұл сұрақтың жауабын?! Кітап қана, мен білемін деп тұрад. Неге деген сұрақ келді басыңа, Келсе егер, кітап алғың қасына. Түсінерсің сонда мені эй, досым, Кітап – жауап әр сұраққа расында.