08.06.2018 I Жас қаламгер

Маусымның 8 күні балалардың шығармашылық қабілеттерін қолдау мақсатындағы «Абай жүрген ізбенен...» клубының кезекті отырысы өтті.

Маусымның 8 күні балалардың шығармашылық қабілеттерін қолдау мақсатындағы «Абай жүрген ізбенен...» клубының кезекті отырысы өтті.

Клуб мүшелері өздерінің шығармашылық қабілеттерін жетілдіре түсу мақсатында белгілі ақын, жазушылардың (А. Құнанбайұлы, Ф. Оңғарсынова, М. Мақатаев, С. Ақсұңқарұлы т.б.) шығармаларынан үзінді оқып, өздері қалам тербеп жүрген кітап, достық, махаббат жайында жазылған өлеңдерінен үзінді оқыды. Және отырыс соңында «Әжемнің оймағы» атты шағын әңгіме талқыға салынып, оқыған прозалары жайында да әдеби әңгіме қозғалды.

№1 «Білім-инновация» лицей интернатының 10 сынып оқушысы, клубтың белсенді мүшесі Құрмансейіт Серіктің «Жеке ойым» өлеңінен үзінді.

Жеке ойым (үзінді)
Ой-санамды мазалайды бір сұрақ,
Уақыт деген тез өшетін шамшырақ.
Неге оны үнемдейтін жандар аз?
Сол сұраққа жауап бергім кеп тұрад.
Шешімін мен білмеймін – ау, тек, бірақ,
Эх, жанымды сол жегідей жеп барад.
Кім біледі бұл сұрақтың жауабын?!
Кітап қана, мен білемін деп тұрад.
Неге деген сұрақ келді басыңа,
Келсе егер, кітап алғың қасына.
Түсінерсің сонда мені эй, досым,
Кітап – жауап әр сұраққа расында.


Всего просмотров: 765

55

 alma  

qwerty

 65abay

kitaptn

anonse

240118kaz

100-kz

jemkor

Біз әлеуметтік желілердеміз:

large-4bb371ad446b9130e646679e875d9203 1758930-facebookicon1c clipart-bouton-3d-mail-message-web-free-gratuit-1560x1477 vk3-2

Жаңалықтар мұрағаты

Желтоқсан 2018
MoTuWeThFrSaSu
     12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31      

logo ru

 

st2050kaz fgg kaz mink e02032018095416.gov.kz