Кітапхана әдіскері М.Подгайнова Қазақстан мен Қытай арасындағы дипломатиялық қатынастарды нығайтуға арналған «Казахстанская правда» республикалық газетінің «Китай глазами казахстанцев» атты фотоконкурсқа қатысты.
Республика бойынша қатысушылардан ұсынылған барлығы 700 фотосуреттің ішінен кітапхана фотосуреттері ІІІ орын алды. Жұмысты қазақ-қытай қазылар алқасы бағалады.
Байқауға кітапханадан «Дружба» қытай ұлттық-мәдени орталығы» ҚБ өкілдерінің, «Халықаралық қатынастар» факультетінің 4 курс студенттері Светлана Кочиеру мен Әділ Шабақбаевтың, дүниежүзі тарихы және халықаралық қатынастар кафедрасының доценті Бибігүл Аралбайқызы Досованың, сонымен қатар «Maison des talents» дарындылар үйі жанындағы қытай тілін үйрету курсының жетекшісі Ұлпан Төлеуқызы Аязбайдың қатысуымен 2018 жылғы 9 ақпанда өткізілген «Қытай әдебиеті мен мәдениеті күні» танымдық бағдарламасындағы фотосуреттер ұсынылды.
Байқау 2018 жылғы сәуірде басталып, қорытындысы «Казахстанская правда» газетінің №169 (7 қыркүйек 2018 жыл) нөмірінде жарияланды.
Всего просмотров: 763