Инжевская (Морозова) Наталия Ивановна
(23.02.1958ж.)

Педагог, журналист, ақын, балалар жазушысы Қарағанды қаласында туған және осында тұрады.

1989 жылдан бері Ресей мен Қазақстанның БАҚ жарияланады. «Индустриальная Караганда» облыстық газетінің мәдениет жөніндегі және «Карагандинские вести» газетінің тілшісі болып табылады. Автордың басылымдары «Gazeta.kz» республикалық медиа порталында және «Эксперимент» халықаралық порталында үнемі жарияланады. Қарағанды академиялық музыкалық комедия театрының қызметі туралы материалдары «Музыкальная жизнь» және «Музыкальный журнал» (Ресей, Мәскеу) журналдарында жарық көрді. «Наталия Инжевская» деген бүркеншік атпен басылады.

2010 жылдан бері «Teatr.kz» республикалық журналымен тығыз қарым-қатынас жасайды, осы жылдар ішінде онда 150-ден астам авторлық мақалалары жарияланды. Ол қазақ және орыс әдебиеті бойынша әдістемелік нұсқаулықтар әзірледі, «Театр сыны» және PR-технологиялар жөніндегі халықаралық сертификаттары бар

Наталия Инжевская (Морозова) өзінің жеке шығармаларының материалдары бойынша «Волшебное семечко», «Чудеса из шляпы», «Потерянный экватор», «Малышка Ви-Ви», «Хитроумный ослик», «Праздник Мухи-цокотухи» атты 7 либретто жазды, олардың негізінде Қарағанды академиялық музыкалық комедия театрының үлкен қуыршақтар студиясында ертегілер қойылды. Сонымен қатар, Н.И.Инжевская «А осень нынче вредина» және «Чужая весна» өлеңдер жинақтарының авторы болып табылады.

Наталия Ивановна Абай кітапханасының бұрыннан бергі серіктесі әрі ықыласты досы болғандықтан, жыл сайын қазылар алқасының мүшесі ретінде балалар кітапханасы ұйымдастыратын қайырымдылық, қалалық және облыстық байқауларға қатысады.

Журналист «Эта книга в сердце моем живет» эссе байқауы (2012), «Мы разные, но мы вместе» марафоны (2013), «Библиотека будущего глазами детей» суреттер байқауы (2013); балалар үйлері мен интернат тәрбиеленушілері арасындағы «Жайнай бер, жарқырай бер, Қарағанды!» шығармашылық фестивалі (2014); «Великий поэт степи» үздік қожазба кітабы байқауы (2015), «Елімнің бақытын тербеткен - тәуелсіздік» плакаттар инсталляциясы байқауы (2016), «Горжусь тобой, мой край родной!» эссе байқауы (2018) секілді іс-шараларға қатысқан оқырмандардың шығармашылық жұмыстарын бағалады.

2018 жылы «Мой город» сериясында 5 мақалалар жинағы жарық көрді. Осы сериядан Наталья Ивановнаның әр жылдарда жазылған және балалар мен жасөспірімдердің танымдық, шығармашылық, коммуникативті және әдеби қызметін жетілдіру мақсатында кітапханада өткізілген ірі іс-шараларды бейнелейтін «Книжкин дом» мақалалар жинағы Абай атындағы.

2018-2019 жж. мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларға арналған «Читаем вместе» сериясының «Придумки от Алинки» кітаптары: «Что это за явления?», «Про чистоту»-две части, «Вот они какие», «Про двор» басып шығарылды. Автор және суретші-иллюстратор Роксана Петрованың қолтаңбалары бар бұл керемет шығармалар Абай атындағы ОБК қорында бар.

Автор «Умный ослик Жайдар», «Волшебный тюльпан», «Сказание об Алпамысе» атты тағы 3 кітапты баспаға дайындауда.

Қарағанды облыстық балалар кітапханасының 65-жылдығына орай жарияланды.

Өзінің еңбек жолында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен, Қазақстанның Театр қайраткерлері одағының, Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Құрмет грамоталарымен марапатталған, Ресей ұлттық «Жыл ақыны» әдеби сыйлығының номинанты.

2019 жылы Ресей Жазушылар одағының президиумы Наталия Ивановнаны Маяковский медалімен марапаттау туралы шешім қабылдады. Марапат 2018 жылы  ұлы орыс ақыны  Владимир Маяковскийдің 125 - жылдығына орай тағайындалды.

Инжевская Наталия Ивановна - Қарағанды академиялық музыкалық комедия театрының әдеби бөлімінің меңгерушісі, сценарийлерінің авторы және «Театральный четверг», «Дарю вам свет моей души», «Творческая мастерская КАТМК» жобаларының жүргізушісі.

Қазақстан Театр қайраткерлері одағының және Қазақстан Журналистер одағының мүшесі.


Всего просмотров: 14168

55

 alma  

 

 кітап мерейтойы 2019

anonse

240118kaz

100-kz

jemkor

Біз әлеуметтік желілердеміз:

large-4bb371ad446b9130e646679e875d9203 1758930-facebookicon1c clipart-bouton-3d-mail-message-web-free-gratuit-1560x1477 vk3-2

Жаңалықтар мұрағаты

Желтоқсан 2019
MoTuWeThFrSaSu
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031     

logo ru

 

logo kazakh russian fgg kaz mink e02032018095416.gov.kz