АНОНС

Қымбатты балалар және құрметті ата-аналар!

krujokkaz

Республикалық «Рухани жаңғыру» іс-шаралар, жобалар тізбесіне енгізілген «Жетістік формуласы» бенефис-шоуы» жобасын жүзеге асырудың жалғасы ретінде  12 желтоқсанда композитор, білім үздігі, мәдениет қайраткері, халықаралық музыкалық байқаулардың лауреаты, Қарағанды облысы композиторларының халық клубының басшысы Людмила Евгеньевна Мельниковамен диалог өткізілді.

№95 гимназияның 7 сынып және №45 гимназияның 9 сынып оқушылары диалог алаңына қатысты.

Балалар журналисі, жазушы, композитор, «Веселый Там-Там» балаларға арналған музыкалық-танымдық жобаның жүргізушісі Людмила Евгеньевна балалардың қазақстандық балалар музыкасын кеңінен танымал етуге және Қазақстан балаларының мәдени өміріндегі аса қызықты оқиғалардың жариялануына ерекше мән береді.

Людмила Евгеньевна 2005 жылы ҚР мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет қайраткері» құрмет белгісіне ие болды.

Людмила Евгеньевна біздің кітапханамыздың бұрынннан бергі досы және серіктесі болып табылады. Көптеген өлеңдерінің сөзіне әнін өзі жазған және қазақ, ағылшын, неміс тілдеріне аударылған. Балалар мен жеткіншектекрге арналған әндері, мюзиклдары жұртшылыққа кеңінен танымал.

Диалог алаңының қатысушылары балалар әндерінің авторы Л.Мельниковадан оның өзінің жетістік формуласынан білді. Құрметті қонақтың айтуы бойынша: «Табысқа жету адамның өз қолында, өзіңнің  сүйікті ісіңмен дарынды түрде айналысу керек, ал ерте ме, кеш пе адам көпшілікке танылады». Сонымен қатар, қонақ балаларға адамзаттың барлық даналығы сақталған мақал-мәтелдерді зерделеуді және солардың қағидаларына сәйкес өмір сүруді ұсынды. Людмила Евгеньевна үшін  «Капля камень точит», «Терпение и труд - все перетрут», «Тише едешь – дальше будешь» секілді мәтелдердің маңызы бар.

Заманауи, классикалық және балаларға арналған музыка туралы  әңгіме қозғалды. Людмила Евгеньевна өзінің «Фестиваль» авторлық әнін орындады, балаларды өзінің әндері мен өлеңдері жинағымен таныстырып,  оларды Абай атындағы кітапханаға сыйға тартты, көптеген марапаттары туралы айтып берді.

Кітапханашылардан қойылған «Сіздің дүниетанымыңызға қандай үш кітап әсер етті?» деген дәстүрлі сұрақ бойынша Қонақ балаларға М.Пришвиннің кітаптарын, В.Осееваның «Динка» повесін, «Жизнь замечательныхлюдей» кітаптар сериясын оқуға кеңес берді.

Іс-шара барысында балалардан қойылған 10 сұраққа Людмила Мельникова кеңінен және толық жауап берді. «Сіз заманауи музыкаға қалай қарайсыз?», «Тұлға ретінде Сізге кім көбірек әсер етті?», «Музанот жобасы қашан жасалды»?» және т.б. сұрақтар қойылды.

Кездесудің белсенді қатысушылары қойған ең қызықты сұрақтары үшін Қонақтан балалар әндерінің дискілері мен өлеңдер жинағын естелік сыйлыққа  алды.

«ЖҰЛДЫЗҒА теңескенше оқы!» кітап көрмесінде балаларға танысу үшін заманауи балалар кітаптары, «Балалық шағымның кітаптары» тақырыптық сөресінде Людмила Мельникова әуестене оқыған кітаптар ұсынылды.

Кездесу соңында Қонақ «Құрметті Қонақтар Кітабында», ал балалар «Оқырмандардың пікірі кітабында» бенефис-шоу туралы пікірлерін қалдырды.


IMG 6108


Всего просмотров: 14785

ЖАҢАЛЫҚТАР

19.11.2019 I Кітапханада қонақта

19 қараша күні Саран қаласының №5 облыстық ДМШ мектеп-интернатының 5-сынып оқушылары кітапханаға қонаққа келді. Бірінші рет балалар «кітап үйінің» залдары мен бөлімдерімен танысты.

Толығырақ ...

15.11.2019 I Занимательные опыты

15 ноября в рамках библиотечной лаборатории «Веселая наука» были проведены опыты для учеников из школы - лицея №101. Вниманию детей была представлена презентация о пламени и его свойствах. Как можно сделать цветное пламя, с помощью каких химических веществ - все это увидели ребята на практическом занятии.

Толығырақ ...

06.11.2019 I «Латын әліпбиі - жаңа көшке бастар керуен басы»

Кітапханада Н.Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп-интернаты 6-сынып оқушыларының қатысуымен «Латын әліпбиі - жаңа көшке бастар керуен басы» атты ойын-сабағы өткізілді.

Толығырақ ...

31.10.2019 I Өрт қауіпсіздігі

Апат айтып келмейді. Сақтана жүрудің пайдасы болмаса, зияны жоқ. Әсіресе өрт кезінде ескерер қауіпсіздік ережелерін естен шығармаған абзал.

Толығырақ ...

30.10.2019 I Кітапханада демалыс

Күзгі демалыс-балалар үшін бұл оқу жылындағы кішкене демалу. Оқушылар демалысқа шыққанда қалай демалсақ екен,демалысымызды қалайша қызықты өткізсек екен деген ойда болады. 

Толығырақ ...

30.10.2019 I Менің өмірімдегі кітаптың рөлі

Кітап оқу – рухани байлық. Кітап жан серігің, ақылдасар сырлас досың. Кітаптан ұлттық құндылықтарымызды, тарихымызды оқып білеміз. Ұлы тұлғалардың бәрі де ұлылыққа кітап оқу арқылы жеткен.

Толығырақ ...

28.10.2019 I Киіз үй

Қазан айының 28 күні кітапхана қызметкерлері «Киіз үй» этноконструкторын құрастыру тренингі №85 ЖББОМ-тің базасында төменгі сынып оқушыларына арнап өткізіді.

Толығырақ ...

24.10.2019 I «Үш бәйтерек» әдеби кеш

Қазақ әдебиетінің алыптары Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіровтың туғандарына 125 жыл толуына орай «Үш бәйтерек» атты әдеби кеш өткізілді. «Үш бәйтерек» ұлттық сөз өнерін азаматтық бейне, беделімен де, қайраткер, қаламгерлігімен де биік белеске көтерді.

Толығырақ ...

23.10.2019 I «Мен үйренемін...»

Ағымдағы жылдың 23 қарашасында мектеп жасына дейінгі және бастауыш сынып бөлімінің кітапханашысы Н.Алжанова №45 гимназияның 2-3 сынып оқушыларына барып «Мен үйренемін...» атты ойын сабағын өткізді.

Толығырақ ...

55

 alma  

 

 кітап мерейтойы 2019

anonse

240118kaz

100-kz

jemkor

Біз әлеуметтік желілердеміз:

large-4bb371ad446b9130e646679e875d9203 1758930-facebookicon1c clipart-bouton-3d-mail-message-web-free-gratuit-1560x1477 vk3-2

Жаңалықтар мұрағаты

Қараша 2019
MoTuWeThFrSaSu
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 

logo ru

 

st2050kaz fgg kaz mink e02032018095416.gov.kz