Вениамин Кавериннің «Два капитана» романына 75 жыл

Каверин  фото Каверин Вениамин Александрович (1902-1989) – орыс кеңес жазушысы, драматург және сценарийші. «Серапионовы братья» әдеби тобының мүшесі. Ең танымал шығармасы - «Два капитана» шытырман оқиғалар романы.

Жазушы Вениамин Кавериннің «Два капитана» шытырман оқиғалар романы 1938-1944 жылдары жазылды. Роман жүзден аса рет қайта басылып шықты. Ол үшін Каверин ІІ дәрежелі Сталин сыйлығымен марапатталды. Кітап көптеген шетел тілдеріне аударылды.

Романның басты ұраны: «Күресу, іздеу, табу және берілмеу».

два капитанаРоманда шет аймақтағы Энск қаласының тұрғыны Александр (Саня) Григорьевтің өмірі туралы әңгімеленеді, ол сүйікті қызының жүрегін жаулап алу және екеуінің тағдырына тығыз байланысты құпияны шешу үшін панасыздық, ержетіп-есею және соғыс сынақтарынан абыроймен өтеді.

Роман екі рет экранға шығарылды: «Два капитана» (1955), «Два капитана» (1976), 2001 жылы романның желісінде «Норд – Ост» мюзиклы қойылды.

2003 жылы Мурманск облысы Полярный қаласының басты алаңы «Екі Капитан алаңы» деп аталды.

Владимир Русанова пен Георгий Брусиловтың экспедициясы тап осы жерден сапарға аттанды. Бұдан басқа, осы Полярныйда романның басты кейіпкерлері – Саня Григорьев пен Катя Татаринованың соңғы кездесуі болды.

Автордың туған қаласында, Псковте (кітаптағы атауы Энск) 1995 жылы «Два капитана» романының кейіпкерлеріне ескерткіш орнатылды.

2002 жылғы 18 сәуірде Псков облыстық балалар кітапханасында «Два капитана» роман музейі ашылды.


Всего просмотров: 17612

55

 alma  

 

 кітап мерейтойы 2019

anonse

240118kaz

100-kz

jemkor

Біз әлеуметтік желілердеміз:

large-4bb371ad446b9130e646679e875d9203 1758930-facebookicon1c clipart-bouton-3d-mail-message-web-free-gratuit-1560x1477 vk3-2

Жаңалықтар мұрағаты

Желтоқсан 2019
MoTuWeThFrSaSu
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031     

logo ru

 

logo kazakh russian fgg kaz mink e02032018095416.gov.kz