2019 жылғы 6 наурызда «Saryarqa» арнасында «Жетістік формуласы» бағдарламасының телевизиялық түсірілімі болды.

Біздің аттас жобамыз «Рухани жаңғыру» бағдарламасы іс-шараларының республикалық тізбесіне енгізілген. 15 наурызда бағдарлама эфирге шықты.

Диалог алаңында Қарағанды облысы әкімінің «Қайнар» сыйлығының лауреаты, қоғам қайраткері, блогер Нияз Сундиталиев және балалар кездесті, барлығы 60-тан астам адам.

Нияз белсенді өмірлік ұстанымда, ол қоғамдық қызметпен айналысады, балалар үйлері мен интернат балаларына арналған қайырымдылық мерекелерін ұйымдастырады, мүгедектігі бар адамдардың мәселелерін көтеріп, олардың проблемаларын зерттейді. Биылғы жылы біздің Құрметті қонағымыз Қарағанды қаласының қоғамдық кеңесіне мүше болды.

Осы өмірде өз орнын тапқан, жігері жасымаған, қиындықтарды жеңіп, белсенді өмір салтын ұстанатын адаммен сұхбаттасу балаларға өте қызықты болды. Сұхбаттасу барысында Қонақ өзінің үш жетістігін: парашютпен секіргенін, сенім артатын шынайы достарын және ерік-жігерін атап өтті.

«23 жасыма дейін мүлдем сау, жігерлі болдым, өмірімнің әр кезі минутына дейін белгіленген. Ол уақыт қуанышты бояуларға толы болды» - дейді Нияз. Бағдарлама кейіпкері жазатайым оқиғадан кейін өз-өзіне келе алмады, не істеу керектігін, қалай өмір сүру керектігін білмеді, бірақ ол қиындықтарды жеңе білді, осыны мақтан тұтады. Таңқаларлығы, Нияз өмірде көп қиындықты бастан кешірсе де, адамдарға, ізгілікке деген сенімін жоғалтпады.

Диалог барысында балалар хоббийі, болашақ жоспарлары, өмірлік ұстанымы, блогерлік қызметі, махаббат туралы және оған күш-қуат пен сенімділікті не беретіні туралы сұрақтар қойылды.

«Сіздің өміріңіздің үш кезеңіне қандай үш әнді байланыстырар едіңіз?» - деген сұраққа Нияз Сундиталиев «Детство», «Плот» және «Поворот» әндерінің үзінділерімен жауап берді. Қонақ үшін осы сұрақ өте қызықты болды да, Нияз Масленникова Миленаға Франция туралы кітапты және VR BOX виртуалды шынайлылық көзілдірігін сыйға тартты.

Өз кезегінде, жоба ұйымдастырушылары Ниязға табыстылық пен танымалдықтың символы «Жетістік формуласы» статуэткасын және Абайдың «Қара сөздері» кітабын табыс етті.

 Ниаз

 


Всего просмотров: 1377

55

 alma  

qwerty

 65abay

кітап мерейтойы 2019

anonse

240118kaz

100-kz

jemkor

Біз әлеуметтік желілердеміз:

large-4bb371ad446b9130e646679e875d9203 1758930-facebookicon1c clipart-bouton-3d-mail-message-web-free-gratuit-1560x1477 vk3-2

Жаңалықтар мұрағаты

Қыркүйек 2019
MoTuWeThFrSaSu
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30      

logo ru

 

st2050kaz fgg kaz mink e02032018095416.gov.kz