Балалардың жазғы демалыстарын қызықты да көңілді өткізу үшін кітапханада 2019 жылы 5 маусымнан - 9 тамыз айлары аралығында «Жаз.Балалар.Кітап» атты ұзақмерзімді жобасы жұмысын жалғастырды.

Жоба аясында аптаның әр күні белгілі бір тақырыпқа арналған: дүйсенбі - «Үстел ойындар күні», сейсенбі - «Қызықты ғылым деректер күні», сәрсенбі - «Балалар. Жаз. Кітап» кітапханалық алаңы, бейсенбі - «Жаңа кітаптар күні», жұма - «Ерте, ерте, ертеде...».

Әр дүйсенбі сайын кітапханада жас оқырмандарға шахмат, тоғызқұмалақ, дойбы, лото, ойындары туралы ақпарат беріліп, балалар үстел ойындарын ойнады. Әр сейсенбі күні балалар назарына кітапханашылар қызықты ғылым деректерін ұсынды. Балалар қоршаған әлемнің құпияларымен танысып, әр түрлі тәжірибелер жасады. Әр сәрсенбі сайын кітапхана алаңында ашық аспан аясында жазғы кітап оқу алаңы ұйымдастырылды. Әр бейсенбі күні кітапхана қорына жаңадан түскен басылымдарға шолу жасалды. Әр жұма күні - «Ерте, ерте, ертеде...» деген тақырыпта кітапханашылар ертегілерді дауыстап оқып және сол ертегілердің желісі бойынша түсірілген мультфильмдер көрсетілді.

Тамыз айының 9 күні «Жаз. Балалар. Кітап» жазғы алаңы өз мәресіне жетіп жабылуы болды.

Кітапханашылар балаларға жұмбақтар жасырып, викториналық сұрақтар ойнатып, жаңа кітаптардан қызықты мәліметтер ұсынды.


Всего просмотров: 800

55

 alma  

 

 кітап мерейтойы 2019

anonse

240118kaz

100-kz

jemkor

Біз әлеуметтік желілердеміз:

large-4bb371ad446b9130e646679e875d9203 1758930-facebookicon1c clipart-bouton-3d-mail-message-web-free-gratuit-1560x1477 vk3-2

Жаңалықтар мұрағаты

Ақпан 2020
MoTuWeThFrSaSu
     12
3456789
10111213141516
17181920212223
242526272829 

logo ru

 

logo kazakh russian fgg kaz mink e02032018095416.gov.kz