Жыл кітабы – І. Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы

«Бір ел – бір кітап», 2015» акциясы бойынша ұйымдастыру комиссиясының кезекті отырысында биылғы жыл кітабы таңдалды. Басым дауыс көрнекті жазушы І. Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясына берілді.

Аталған шараларға ҰҒА академигі Ғарифолла Есім; жазушы, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Жабал Ерғалиев; Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет және өнер істері департаментінің басқарма бастысы Базарбай Алтаев; ақын, ҚР Жазушылар Одағы Астана қалалық филиалының төрағасы Несіпбек Айтұлы; филология ғылымдарының докторы, профессор Тұрсын Жұртбай, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті «Қазақ әдебиеті» кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты Омар Жәлелұлы; «Қазақстан» Ұлттық телеарнасының Мониторинг және эфир қызметінің жетекшісі Әлімжан Исабай; аудармашы-жазушы, Мәдениет қайраткері Ақайдар Ысымұлы; «Астана ақшамы» газеті бас редакторының орынбасары Талғат Батырхан; Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасының бас директоры Үмітхан Мұналбаева және кітапхана қызметкерлері қатысты.

ҚР Ұлттық академиялық кітапханасындағы, ҚР Ұлттық кітапханасындағы, облыстық, аудандық және ауылдық кітапханалардағы, Астана қаласындағы Орталықтандырылған кітапханалар жүйесіндегі, сондай-ақ елордадағы білім беру мекемелеріндегі дауыс беру қорытындысы бойынша 2015 жылғы таңдауға мынадай кітаптар ұсынылды: Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» романы; Бауыржан Момышұлы «Ұшқан ұя», «Москва үшін шайқас» шығармалары; Қадыр Мырза-Әлидің шығармалары;

Мұхтар Мағауин «Қазақ тарихының әліппесі», «Бір атаның балалары», «Аласапыран» тарихи романы; Жұмекен Нәжімеденов «Ақ шағыл» «Даңқ пен дақпырт», «Кішкентай» шығармалары; Ғабит Мүсірепов «Қазақстан солдаты» романы; Тұманбай Молдағалиев «Жүректегі жазулар» өлеңдер жинағы; Абайдың өлеңдері; Қасым Қайсенов «Жау тылындағы бала» әңгімесі; Төлен Әбдік «Тұғыр мен ғұмыр» хикаяты, «Парасат майданы» повесі. (www.nabrk.kz)

15.01.2015 l Знаток кочевой цивилизации


Всего просмотров: 42989

55

 alma  

qwerty

 65abay

kitaptn

anonse

240118kaz

100-kz

jemkor

Біз әлеуметтік желілердеміз:

large-4bb371ad446b9130e646679e875d9203 1758930-facebookicon1c clipart-bouton-3d-mail-message-web-free-gratuit-1560x1477 vk3-2

Жаңалықтар мұрағаты

Қараша 2018
MoTuWeThFrSaSu
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930  

logo ru

 

st2050kaz fgg kaz mink e02032018095416.gov.kz