АНОНС

Қымбатты балалар және құрметті ата-аналар!

krujokkaz

Қымбатты балалар!

nopaminaniakaz

Бабатайұлы Дулат (1802-1874)

111dulat111Халқымыздың маңдайына біткен санаулы ұлы ақындарының бірі — Дулат Бабатайұлы, бұрынғы Семей облысы Аягөз ауданының Қызылжолда деген атамекенінде 1802 жылы туған. Жаздық мекені Ақжайлау, Сандықтас. 1871 жылы атамекенінде қайтыс болған.

Бізге жеткен өлеңдерінде кездесетін кейбір деректерге қарағанда, Дулат ескіше оқыған, сауатты ақын боған. XIX ғасырдағы қазақ әдебиетінде Дулаттың өзіндік үлкен орны бар. Өйткені, ол өзінің толғау-жырларында көптеген келелі мәселелерді көтеріп, өз заманынының шындығын бірқыдыру бере білді.

Жеке кісілерге арнаған «Кеңесбайға», «Бараққа», «Ел аралаған ишанға» т. б. өлеңдерінде ақын сол кездегі тірліктің ұсқынсыз жақтарын өлтіре шенеп, кейде өткір сатира дәрежесіне дейін көтере білді. Дулаттың өлеңдері ауызша тараумен қатар, 1880 жылы Қазан қаласында «Өсиет нама» деген атпен кітап болып шыкты. Бұнда ақынның замана туралы толғаулары енгізілген. қынның шығармаларын ел аузынан жазып алып, бізге жеткізген халық ақыны - Шәкір Әбенов. Ол - Патшалық Ресейдің казақ өлкесін күшпен отарлау кезеңін, одан туған зобалаңдарды өз көзімен көріп, соған барынша наразылық білдірген ел басы адамдарының бірі. Отарлау саясатының қазақ елін талан-таражға салу, халықтың дербестігін біржола жойып, тәуелділікке айналдыру әрекетіне қарсы шыққан, халықты күреске шақырған күрескер ақын.

Ақын өз заманындағы осы патшаның отарлау саясатынан зардап шеккен халқының қайғысын тереңнен сезініп, мұңын жырымен жазып, ел қамын ойлап, кейінгі ұрпақты тәрбиелеуде маңызды толғаулар айтады:

Сырымды менің сұрасаң,
       Тұманның суық суындай
       Кеудеме қайғы толған соң
       Тұнық жырмен жуынам.
       Сорғалаған нөсердей,
       Жырын тыңда Дулаттың, — деп толғанады.

Дулат шығармашылығында елеулі орын алатын батырлар жыры үлгісіндегі, Отанды қорғауға арналған патриоттық мәні бар «Еспенбет» атты толғау. Бұл шығармашылығында жетім бала, жас батырдың қалмақтармен соғыста көрсеткен ерлігін сөз қылады. Дастанның бір ерекшелігі, тек батырдың жеке түлғасы ғана емес, сонымен бірге халық бейнесі қоса суреттеліп отырады. Ақын жорыққа атанған қалың топты табиғаттың жойқын күшіне балап, ерекше шабытпен, әсерлі жырлайды:

Жөңкерілген қалың қол,
       Жүйткіген желге ұқсайды.
       Көрінісі кей кезде,
       Толқыған гүлге ұқсайды.
       Мұнар түнеп бұлт көшкен,
       Асқар белге ұқсайды,
       Кенетінен ду етсе,
       Тас қопарып, тау бұзған,
       Аққан селге ұқсайды.

Дулат қазақ әдебиеті тарихында алғаш мысал жазған ақын. Оның мысал ретінде жазған шығармалары үлгі, өнеге беру, ақыл айту ретінде келіп отырады. Атап айтқанда, «Бір патшаның бір кезде», «Шымшық пен бөдене», «Сары шымшық», «Қара қарға жем тілеп» деген өлеңдерінде орынсыз мақтаншақтықты, тойымсыздықты әшкерелеп, кішіпейілділікті, адамгершілікті, бірлікті уағыздайды. Адам бойындағы асыл қасиеттерді ардақтаған ақынның мысал өлеңдерінің тәрбиелік мәні бүгінге дейін жойылған жоқ.

Ақын шығармаларында орын алатын маңызды мәселенің бірі— оқу, өнер-білім.
       Өнер, білім оқып біл,
       Өнер алды қызыл тіл,
       Оқып алса, керек сөз

Алтынға құйған балмен тең, - деп, өнер, білімнің оқу арқылы табылатынын, көп ізденуді, еңбектену керек екенін ескертеді. Жырау өлеңдерінің тілі шешен, өткір тартымды. Дулат ақын өзінің «Бесінші сөз» немесе «Ата қоныс арқада» деп аталатын өлеңінде Арқаны жайлаған қазақтардың бір кездегі тарихын баянды етеді. Ол қазақ халқының Жоңғарларға қарсы ерлік күрес жүргізу арқылы елдігін сақтап келгенін, туған жерін қалмақтардан қорғай білгенін айтып, сол кездегі ерлікті, дербестікті мақтайды.

Абайдың ел пысықтарын, би-болыстардың мінез-құлықтарын бейнелеулері Дулат ақынмен үндесіп жатыр. Бұл тұста ақынның Дулатқа үңіле қарай отырып, оның кейбір жақтарын толықтыра түседі. Дулат шығармалары қазақ жазба әдебиетінің қалыптасуына үлес қосты.

Дулат ақын шығармаларының көбі XIX ғасырдың 30–40-шы жылдарындағы тарихи жағдайларға байланысты қазақ өдебиеті арнасына шықты. Оның өзіндік орны бар. Дулат толғаудың асқан шебері болғандықтан өлеңдерінің барлығы дерлік еркін үйқасты. Ақын өлеңдері ауызша тараса да, қызыл империя тұсында әркімнің қолында сарғайған қағазда сақталып қалды.

Ақынның алғашқы өлең жинағы «Өсиет-нама» деген атпен 1880 жылы Қазанда басылды. Тек халқымыз тәуелсіздігін қолына алғаннан кейін ғана, 1991 жылы ақынның бір топ шығармаларын құрастырып, «Замана сазы» деген атпен «Жазушы» баспасы жинақ етіп шығарды.

Шығармашылығын зер салып, зерттеген ғалымдар көп. М. Әуезов, Ә. Тәжібаев, Қ. Жұмалиев, Ы. Дүйсенбаев, Қ. Мұхамедханов, М. Мағауин т. б. Ұлттық Ғылым Академиясының мүшесі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Р. Сыздықова:

«Дулат — Абайдың алдында өткен қазақ сөз зергерлерінің ішіндегі ең мықтысы. Ол мәдени-рухани дүниемізден өз орнын, үлкен орнын алуға тиіс ақын», — деп бағалаған.
(www.tarih.spring.kz)

Дулат Бабатайулы. Стихотворения на казахском языке  (Аудиокнига)

Дулат Бабатайулы.Еспенбет. Поэма на казахском языке (Аудиокнига)

Дулат Жырау. Өлеңдері ( www.adebikz.com/media/books)

Дулат Жырау. Еспенбет. Поэма ( www.adebikz.com/media/books)


Всего просмотров: 54813

ЖАҢАЛЫҚТАР

28.11.2019 I Әлеуметтік ынтымақтастық

Кітапхананың тұрақты серіктестері қатарында қала мектептері бар. 28 қараша күні № 2 «Білім-инновация» лицей-интернатының әкімшілігі кітапхана қызметкерлерін «Сакен Сейфуллин – қазақ әдебиетінің ақсұңқары» атты әдеби-кешке шақырды.

Толығырақ ...

28.11.2019 I Тұңғыш Президент күні

1 желтоқсан - Тұңғыш Президент күніне арналған «Елбасы жолы -ертеңге өнеге» атты мультимедиялық презентация № 79 НОМ 7-8 сынып оқушыларына өткізілді. Сонымен қатар балаларға «Биікке бастаған парасат» атты Елбасының балалық кездерін еске алатын және Н. Назарбаевтың отбасы туралы бейнероликтері көрсетілді.

Толығырақ ...

28.11.2019 I Ұлы дала баласы

Тұңғыш Президент күніне орай №45 гимназияда 2 сынып оқушылары үшін «Ұлы дала - баласы» атты бейнесабақтың қыстың алғашқы күні аталуы кездейсоқтық емес.

Толығырақ ...

27.11.2019 I Киіз үй

Қарағанды қаласының жас тұрғындарына ұлттық құндылықтарды жаңғырту мақсатында, қала мектептерінің оқушыларына қазақ халқының киіз үйін таныстыру бағытында көшпелі тренингтер өткізілуде.

Толығырақ ...

26.11.2019 I Жолдаудың жолдарында

26 қараша күні Ақпараттық технологиялар мамандандырылған мектеп-лицей интернатының 7 сынып оқушылары үшін ҚР Президентінің «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Жолдауы бойынша «Қазақстанның стратегиялық даму жолдары» атты ақпараттық сағаты өткізілді.

Толығырақ ...

22. 11.2019 I «Жетістік формуласы» бенефис-шоуы. Айнагүл Хамитовамен кездесу

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы іс-шараларының республикалық тізбесіне енгізілген «Жетістік формуласы» кітапханалық жоба аясында 2019 жылғы 22 қарашада «SARYARQA» телеарнасында оның телевизиялық түсірілімі өтті.

Толығырақ ...

22.11.2019 I «Ұлтының бағына туған» әдеби кеш

 

22 қараша күні кітапханада Республикалық акция аясында Ақпараттық технологиялар мамандандырылған мектеп-лицей интернатының 7 сынып оқушыларының қатысуымен Ә.Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» кітабы бойынша «Ұлтының бағына туған» атты әдеби кеші өткізілді.

Толығырақ ...

19.11.2019 I Кітапханада қонақта

19 қараша күні Саран қаласының №5 облыстық ДМШ мектеп-интернатының 5-сынып оқушылары кітапханаға қонаққа келді. Бірінші рет балалар «кітап үйінің» залдары мен бөлімдерімен танысты.

Толығырақ ...

15.11.2019 I Қызықты тәжірибелер

15 қараша күні «Қызықты ғылым» кітапханалық зертхана аясында №101 мектеп - лицейінің оқушылары үшін тәжірибе сабағы өткізілді. Балалардың назарына Жалын және оның қасиеттері туралы презентация ұсынылды. Тәжірибелік сабақта оқушылар қандай химиялық заттардың көмегімен түрлі - түсті жалынның қалай жасалынылатынын көрді.

Толығырақ ...

55

 alma  

 

 кітап мерейтойы 2019

anonse

240118kaz

100-kz

jemkor

Біз әлеуметтік желілердеміз:

large-4bb371ad446b9130e646679e875d9203 1758930-facebookicon1c clipart-bouton-3d-mail-message-web-free-gratuit-1560x1477 vk3-2

Жаңалықтар мұрағаты

Желтоқсан 2019
MoTuWeThFrSaSu
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031     

logo ru

 

logo kazakh russian fgg kaz mink e02032018095416.gov.kz