Пономаренко Елена Геннадьевна

(30.09.1961 ж.)

Көптеген балалар әңгімелері мен балаларға арналған ертегілердің авторы.

Елена Геннадьевна 1961 жылы Қарағанды қаласында туған. 1989 жылы Әл-Фараби атындағы Шымкент педагогикалық мәдениет институтын кітапханашы-библиограф мамандығы бойынша бітірген.

Балаларға арналған және балалар туралы пьесалар, ертегілер, әңгімелер, повестер жазады. Кішкентай оқырмандарға арналған әдеби кездесулер мен кештерге қатысады.

2000 жылдан балаларға арнап жаза бастады. 2001 жылы балабақша әдіскерлері үшін алғаш рет табиғат туралы ертегілерін жазды. 2003 жылы фестивальдің бірінші марапаты мен дипломын «Шабыт» республикалық байқауында алды.

Әдеби фестивальдерге, ұлттық және халықаралық байқауларға қатысып, дипломант болды («Балалық шақтағы досым.Друг детства», «Славян жазулары мен мәдениеті», «Біздің балаларымызға.Нашим детям»).

2005 жылы Алматы қаласында «Эверо» баспасында тұңғыш кітабы жарыққа шықты. Кітаптың барлық таралымы қала кітапханаларына, балабақшаларға, мектеп мекемелеріне берілді.

«Милосердие», «Детство, опаленное войной», «Неженские профессии» әңгімелер жинағының, «Наша Юлия» повесінің, «Стрекоза и голубь», «Зачем улитке домик на спине?», «Солнечные сказки для маленьких», «Сказки о растениях», «Сказки о насекомых», «Старичок-лесовичок», «Сказки для мальчиков» ертегілер жинақтарының авторы.

«Таймаз» республикалық балалар баспасы құстардың дауыстарының жазбасымен «Құстар әліппесі.Птичья азбука» ертегілер жинағын «Көңілді биология» сериясына енгізді. Соқыр балалар үшін бұл кітаптың 200 данасы арнайы басылып шықты.

2009 жылы Е.Пономаренко «Золотая строка» номинациясында Қарағанды облысының мәдениет басқармасы сыйлығының лауреаты атанды.

2010 жылы Таганрог қаласында «Чехов оқуларына» қатысқан жетістігі және «Чеховқа қоятын менің замандасымның 10 сұрағы» жұмысы енгізілген «Біздің Чехов» жинағын басып шығарғаны туралы сертификат алды.

Елена Геннадьевна 2014 жылғы 25 наурызда Москва қаласында «Жылдың үздік балалар жазушысы» танылып, «Золотое перо С.Я.Маршака» медалімен марапатталды.

2015 жылы Торонто қаласының студиясы (Италия) «Соқыр балаларға» акциясы аясында ««Мен туралы және әлемдегі барлық нәрсе туралы.Обо мне и всем на свете» жинақтың аудиожазбасын ұсынды.

Студенттер театрларының I республикалық фестивалінде фестивальге арнап жазылған «Тяжелое бремя памяти» пьесасы бірінші орынға ие болды және Театр қайраткерлері одағының дипломымен атап өтілді.

Е.Пономаренко облыстық «Индустриальная Караганда» газетінің штаттан тыс тілшісі, Қазтұтынушылар одағының Қарағанды экономикалық университетінің жастардың мәдени-эстетикалық және шығармашылық дамыту орталығының жетекшісі, «Вдохновение» студенттер театрының көркемдік жетекшісі және режиссері болып табылады.


Всего просмотров: 33466

55

 alma  

 

 кітап мерейтойы 2019

anonse

240118kaz

100-kz

jemkor

Біз әлеуметтік желілердеміз:

large-4bb371ad446b9130e646679e875d9203 1758930-facebookicon1c clipart-bouton-3d-mail-message-web-free-gratuit-1560x1477 vk3-2

Жаңалықтар мұрағаты

Желтоқсан 2019
MoTuWeThFrSaSu
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031     

logo ru

 

logo kazakh russian fgg kaz mink e02032018095416.gov.kz