Асан Мирас Болатович 
      (13.05.1987 ж.)

Талантты жас ақын 1987 жылы 13 мамырда Қарағанды облысының Қарқаралы ауданы Бақты ауылында дүниеге келген.

Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген. Педагогика ғылымдарының магистрі.

Университетте оқып жүргенінде оның өлеңдері назарға алынып, студенттер арасында танымал болды.

Алғашқы өлеңдері облыстық және республикалық мерзімді басылымдарда: «Орталық Қазақстан», «Қазақ әдебиеті» газеттерінде, «Қасым» журналында жарияланды.

Мирас Асан Қарағанды облысының мәдениет басқармасында редактор, «Қасым» республикалық қоғамдық әдеби журналы бас редакторының орынбасары болып жұмыс істеді.

2010 жылы жас дарындардың XIII Халықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаты болды.

2011 жылы оның өмір, махаббат, туған өлке, табиғат сұлулығы және т.б. туралы 170-тен астам өлеңдері енген «Соңғы раушан» өлеңдер жинағы жарыққа шықты. Ол сонымен бірге «Бекзат» лирикалық шығармалар жинағының авторы болып табылады.

Бүгінгі күні журналистік қызметпен айналысып, облыстық «Орталық Қазақстан» және республикалық «Егемен Қазақстан» газеттері үшін мақалалар жазады.

Танымал қазақстандық ақын Жадыра Байбұлановаға үйленген.


Всего просмотров: 31305

55

 alma  

 

 кітап мерейтойы 2019

anonse

240118kaz

100-kz

jemkor

Біз әлеуметтік желілердеміз:

large-4bb371ad446b9130e646679e875d9203 1758930-facebookicon1c clipart-bouton-3d-mail-message-web-free-gratuit-1560x1477 vk3-2

Жаңалықтар мұрағаты

Желтоқсан 2019
MoTuWeThFrSaSu
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031     

logo ru

 

logo kazakh russian fgg kaz mink e02032018095416.gov.kz