02.02.2018 | Сталинград түбіндегі ерлік Жеңісіне арналады

1943 жылғы 2 ақпанда, бұдан 75 жыл бұрын Сталинград шайқасы аяқталып, неміс-фашист әскері толығымен талқандалды ( 17 шілде 1942 жыл – 2 ақпан 1943 жыл). Сталинград операциясының шабуылдау және қорғаныстық шайқастарына Қазақстанда жасақталған барлық қазақстандық әскери құрылымдардың, дивизиялардың, бөлімшелердің үштен бір бөлігі қатысты.

Өскелең ұрпақты патриоттыққа тәрбиелеу, Сталинград шайқасы туралы қазақстандық шығармаларды кеңінен танымал ету мақсатында біздің кітапханада 2 ақпанда «Сталинград түбіндегі ерлік Жеңісіне арналады» Еске алу күні ұйымдастырылды.
№92 гимназияның 6-7 сынып оқушыларына «Сталинград — бұл Шығысқа бау кілті» тарихи экскурсы ұсынылды, ол арқылы сол жылдардағы оқиғалар ашық түсіндіріліп, Кеңес Армиясының шабуылдау және қорғаныстық шайқастарына тарихи карта-сұлбалары көрсетілді, Сталинградты қорғауға қатысқан қазақстандық батырлардың есімдері аталды. Сонымен бірге, Еске алу күнінің бағдарламасына «Сталинград шайқасының жылнамасы», «Волгоград қаласы бойынша саяхат» бейнежылнамасы, «Сталинград» фильмінің трейлері енгізілді.

Қазақтың ұлы ақыны Жамбыл Жабаевтың ұлы Алғадай Жамбыловтың Сталинград түбіндегі шайқастарға қатысқаны оқырмандар үшін библиографиялық ізденіс жаңалығы болды. Жамбылдың Сталинградқа және өзінің ұлына арналған «Алынбас қамал», «Жеңіс», «Жауға оқ» өлеңдері оқылды. Сонымен қатар, А.И.Халимульдинаның «Звездный час Маншук», С.Борисовтің «Бессмертная песня Маншук» шығармалары бойынша дауыстап оқулар өкізілді.

Кітапханаға күні бойы «Құлыншақ» балалар үйінің тәрбиеленушілері де келді. Олар үшін «Сталинград қорғаушылары – қарағандылық Кеңес Одағының батырлары» әдеби композициясы өткізілді, оның барысында балалар Сталинград шайқасына біздің жауынгер – жерлестеріміз Нүркен Әбдіровтің, Мартбек Мамраевтың, Андрей Дударенконың, Қазбек Нұржановтың қатысқандарын білді.

Балаларға Николай Пичугиннің «Карагандинские очерки» кітабынан М.Мамраев туралы естелігін, Н.Әбдіровке арналған Николай Титовтың «Подвиг», Тамара Маловичконың «Внизу по Приволжью...» өлеңдерін оқу ұсынылды. Қарағанды және Волгоград қалаларында Н.Әбдіровтің құрметіне, Майқұдықта Қарағанды қаласының Құрметті азаматы - М.Мамраевтың құрметіне орнатылған естелік - мемориалдарының фотоматериалдарымен оқырмандарды таныстырды. Метрономның дауысы арқылы Сталинград түбінде қаза тапқан батырларды бір минут үнсіздікпен еске алды.

Балалардың Сталинград шайқасы жылнамасының тарихына қызығушылығын, Сталинградты қорғауға қатысқан батырлар туралы білімдерін қалыптастыру мақсатында кітапхана пайдаланушылары үшін «Сталинград түбіндегі ерлік Жеңісіне арналады» кітап көрмесінің шолуы өткізілді, Е.Ильинаның «Четвертая высота» кітабы бойынша буктрейлер көрсетілді, оның басты кейіпкері 20 жасында Сталинград түбінде қаза тапқан Гуля Королева.

«Сталинград түбіндегі ерлік Жеңісіне арналады» Еске алу күні аясында Қарағанды облысының барлық балалар кітапханаларында бір уақытта ірі іс-шаралар өткізілді, ақпарат пен фотоесеп «Профессионалам» бөлімінде ұсынылады.


Всего просмотров: 1032

55

 alma  

qwerty

 

kazakshaaaa

kitaptn

anonse

240118kaz

100-kz

jemkor

Біз әлеуметтік желілердеміз:

large-4bb371ad446b9130e646679e875d9203 1758930-facebookicon1c clipart-bouton-3d-mail-message-web-free-gratuit-1560x1477 vk3-2

Жаңалықтар мұрағаты

Тамыз 2018
MoTuWeThFrSaSu
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031  

logo ru

 

st2050kaz fgg kaz mink e02032018095416.gov.kz