«Қызықты ғылым» кітапханалық зертханасы аясында 17 мамырда «Түрлі-түсті жалын» тәжірибесі өткізілді. Балалардың назарына жалын және оның қасиеттері туралы таныстырылым ұсынылды. Қандай химиялық заттардың көмегімен түрлі-түсті жалынды қалай жасауға болады, балалар осының бәрін практикалық сабақта көрді. Кітапханашының басшылығымен өткізілген тәжірибе қауіпсіз болды; йодты калий, кальций хлориді, тұз қышқылының ерітіндісі, күкіртқышқылды мыс, ас тұзы пайдаланылды.

Біз оқырмандарымызды ең «дәмді және шырынды» кітаптардан тұратын кітап джемін байқап көруге шақырамыз. Кітап джемі – келесіде қандай кітапты оқитынын білмейтіндерге арналған идея.

Кітапхана қызметкерлері «Сервис» колледжі» ЖМ «Стилист шаштаразшы» факультетінің 1 курс студенттері үшін «Заманауи кітапханаға келу» экскурсиясын өткізді.

6 мамыр Отан қорғаушылардың күніне орай Кеңес Одағының екі мәрте батыры Т.Бегелдинов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебі түлектерінің қатысуымен «Қазақстан әскерінің мақтанышы» атты мультимедиялық таныстырылымы өткізілді.

2019 жылғы 10 сәуірде «Saryarqa» арнасында «Жетістік формуласы» бағдарламасының телевизиялық түсірілімі болды.
Біздің аттас жобамыз «Рухани жаңғыру» бағдарламасы іс-шараларының республикалық тізбесіне енгізілген. Бағдарламаның өзі 3 мамырда эфирге шықты.

55

 alma  

qwerty

 65abay

кітап мерейтойы 2019

anonse

240118kaz

100-kz

jemkor

Біз әлеуметтік желілердеміз:

large-4bb371ad446b9130e646679e875d9203 1758930-facebookicon1c clipart-bouton-3d-mail-message-web-free-gratuit-1560x1477 vk3-2

Жаңалықтар мұрағаты

Қыркүйек 2019
MoTuWeThFrSaSu
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30      

logo ru

 

st2050kaz fgg kaz mink e02032018095416.gov.kz