Тәуелсіздік мерекесіне орай кітапханада ерекше қажеттіліктері бар оқырмандарға арналған «Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы» атты танымдық сағаты өтті. Бұқар жырау ауданының үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімінің қызметкерлері кітапханашылармен бірлесіп, оқырмандарды еліміздің тәуелсіздікке жету жолындағы маңызды тарихи оқиғалармен таныстырды.
Қатысушылар еліміздің тәуелсіздік алғаннан кейінгі қарқынды дамуы мен әлемдік аренадағы рөлі туралы бейнероликтерді тамашалап, патриоттық өлеңдер оқып, викторинаға қатысты, сондай-ақ тақырыптық кітап көрмесімен танысты.





