Тамыры ажырап, болмысын жоғалтып бара жатқан ұрпақты сақтап қалудың бір жолы – руханиятқа үндеу. Қазақтың тамыры өлеңде. Осы орайда балалардың шығармашылық қабілеттерін қолдау мақсатында ақпан айының 8 күні «Абай жүрген ізбенен…» клубының кезекті отырысы «Поэзия әлемі» атты поэзия шеңбері нұсқасында өтті. Шараға №1 Білім-инновация лицей-интернаты және №41 ЖББОМ 8-9 сынып оқушылары қатысты. Іс-шара барысында оқушылар қазақ ақындарының өлең жолдарын мәнерлеп оқыды және жауқазын жыр жазуға талпынысы бар, жас талантты балалар өз ойларын ортаға сала отырып «Абай атама» , «Сәкен ағаға», «Қазақ тілі», «Ауылым» атты өлең жолдарын мәнерлеп оқыды. Оқушыларға «Жас қалам» атты кітап көрмесіне қойылған қазақ балалар ақындары мен жас толқын ақындардың шығармашылығы таныстырылып, кітаптарына шолу жасалды. Аталмыш шара соныңда оқушыларды алғыс хаттар мен марапатталды.