Кітапхана Абай атында Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасы Қазақстанның балаларға арналған кітапханалар арасында ірі кітапханалардың бірі болып саналады. Кітапхана 1953 жылы қалалық балалар кітапханасының негізінде құрылып, сол кезде қаланың №1 гимназиясының екі кабинетінде ғана орналасқан болатын. Қарағанды қаласының Халық депутаттары кеңесі атқарушы комитетінің 1954 жылдың 23 наурыздағы шешімімен кітапханаға Бұқар жырау даңғылы (Сталин, Советский), 30-үйде орналасқан тұрын үйдің бірінші қабатындағы үй-жай бөлінді. 1955 жылы, қазақтың ұлы ақыны, ағартушысы Абай Құнанбаевтың туғанына 110 жыл толған жылы, Қарағанды облысының Халық депутаттары кеңесі атқарушы комитетінің 12 сәуірдегі шешімімен кітапханаға Абай Құнанбаевтың есімі берілді. Артқа