Әлмаш, Айсұлу. Таныстар татулығы [Мәтін]/ А. Әлмаш. – Алматы: Балалар әдебиеті, 2022. – 92 б.

Балаларға арналған «Таныстар татулығы» атты жинақ жас оқырмандарды адамгершілікке, достықты берік сақтауға үндейді. Жазушының қиял-ғажайып ертегілері адамды елітіп әкетіп, тартымды әрі қызықты оқылуымен ерекшеленеді.

 

Мәжитов, Бағдат. Ауылдың суреті [Мәтін]/ Б. Мәжитов. – Алматы: Балалар әдебиеті, 2022. – 136 б.: сур.

Бұл жинаққа Бағдат Мәжитовтың «Ауылдың суреті» атты кітабында әңгімелер мен әлем халықтарының ертегілері, өлеңдер, жұмбақтар, метаграммалар кіріп отыр. Қітапта балалар және жасөспірімдердің өмірінен өткен қызықты сәттері, қиялдары мен армандары, қызықты ертегілер, өздеріне тән болмыс-бітімдері суреттеледі.

 

Мамырбаева, Ділдәр. Роботтар отбасы[Мәтін]/Д. Мамырбаева; сур. А. Садвакасов. – Алматы: Дәуір, 2022. – 208 б.: сур.

Жазушы Д. Мамырбаеваның «Роботтар отбасы» атты жинағы оқырман жүрегімен үндестік табатын кітап. Онда білімді болумен қатар мейірімді, адал, адамгершілікті болу идеясы айтылады. Патшаның тағындай болған балалық шақтың әңгімелері ой жаңалығымен тартымды әрі қызықты.

 

Құмар, Нұрлан. Көк байрақтай – көк жейде [Мәтін]/Н. Құмар; сур. А. Айтжанов. – Алматы: Өнер, 2022. – 376 б.: сур.

Балаларға арнап, жас қазақстандық жазушы Нұрлан Құмар «Көк байрақтай – көк жейде» атты кітабын ұсынып отыр. Кітап екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде – әңгімелер жинағы, екіншісінде – қызықты ертегілер жинастырылған. Басылымдағы әрбір әңгіме әдептілікті, әрбір ертегі ерлікті, мейірбандылық пен бауырмал достықты алдыға тартады.
Ендеше, зер салып оқып шықсандар – үлгі-өнегенің өлкесіне қанат жайып, кемел өмір кемесінде жүзе білесіздер.

Оразбекұлы, Кеңес. Жарғақбас, Қылкеңірдек, Шибуттың шым-шытырақ хиқаялары = Невероятные приключения Жаргакбаса, Кылкенирдека и Шибута [Мәтін]: әзіл-күлкілі сериялы ертегі/К. Оразбекұлы; сур. Қ. Үмбетова. – Алматы: Орхон, 2022. – 104 б.: сур.

Халық ауыз әдебиетінде Жарғақбас, Қылкеңірдек, Шибут атты шағын ертегі бар екенін барлығымыз жақсы білеміз. Осы кейіпкерлерді балалар жақсы көріп, суретін салуға құмар… Кеңес Орабекұлы әлгі ертегінің үш кейіпкерін жаңа сапада қайта тірілтіп, қызықты да күлдіргі хиқаятқа айналдырыпты. Тілі жеңіл әрі жатық, халық аузындағы сирек кездесетін мың иірімді қанатты сөздер мен сөз тіркестерін молынан қамтыған, оқырмандарды баурап алатын шым-шытырық оқиғалы мамұнды шығарма.

Мұрағат