2017 жылдан бастап арт-шеберхана «Free Style» өз жұмысын бастады. Алғашқы сабақтарын балалар өздері жүргізді. Арт-шеберхананы жетекшілік етуді 5 сынып оқушысы Сайлау Шұғыла өз қолына алған болатын. 2018 жылдың қараша айынан бастап оқушылар үшін арт-шеберханада қазақтың ұлттық өнері кесте тігуді үйретуге арналған үйірме ашылды. Кесте – қазақ халқының қолөнерінің ерекше түрінің бірі. Кесте – сан ғасырлар бойына халқымыздың талантты ісмерлерінің көркем қиялдарын шеберлік құдіретімен бейнелеген ақыл-парасаттарының жауһары. Мата, тері, киіз, т.б. материалдар бетіне әр түрлі боялған жіптермен, жібек зерлермен сурет, өрнек салып тігу арқылы жасалады. Қазіргі таңда арт-шеберхананы Ыбырайм Жайна жетекшілік етеді. Үйірмеге қатысушыларды кесте өнерінің тарихымен, кесте тігудің түрлерімен және технологиясымен таныстырады. Біздің кітапхана үйірмеге қатысу үшін керек құрал-жабдықтарды (ине, жіп, маталармен) тегін қамтамасыз етеді. Барлықтарыңызды біздің арт-шеберханамызға шақырамыз! ЖОСПАР 2020 – IV тоқсан 2020 жыдғы біздің жұмыстарымыз ЖОСПАР 2021 ж. 2021 жылғы біздің жұмыстарымыз ЖОСПАР 2022 ж. 2022 жылғы біздің жұмыстарымыз ЖОСПАР 2023 ж. 2023 жылғы біздің жұмыстарымыз