01.01.2023 ж. Абай атындағы  Облыстық балалар  кітапханасының жалпы қоры 135 847 дана, соның ішінде мемлекеттік тілде – 33 110 дана. Кітаптар –129 211 данаCD -228 дана, Мерзімді басылымдар – 6408 дана.

Кітап қорын толықтырғанда кітаптардың  маңыздылығына, ақпараттың шындылығына, пайдалылығына назар аударылады. Кітапханада балалар жазушыларының көркемдік және салалық әдебиет басылымдарының бай жинақтары бар: Абай Құнанбаев, С.Бегалинов, Б.Соқпабаев, М.Әлімбаев, М.Әуезов, М.Қабанбаев, Е.Елүбаев, С.Маршак, Н.Чуковский, Н.Носов, А.Бартоның және тағы басқалар.

Қордың мақтанышы – Қазақстан және Қарағанды жазушыларының қолтаңбасы бар кітаптар: Р. Сейсенбаев, Ж. Қашкынов, Е. Елубаев, Т. Бейсембек, В. Литвинов, А. Баркан, Л. Мельникова, Б.Мұсабеков және т.б.

Балалар біздің кітапханада көпшілікке мәлім және қызықты топтамаларды  кездестіреді:  «1100 қызықты дерек», «Балаларға базарлық», «Военное детство», «Яркая ленточка», «Алтын сандық», «Атамұра кітапханасы», «Ақылды ертегілер», «В мире прекрасного», «Вокруг света», «Зачем и почему?» т.б.

Кітапхана 40- тан аса  балалар газеттері мен журналдарына жазылған: «Алтын сақа», «Алақай, балақай», «Айгөлек», «Балдырған»,  «Балбұлақ», «Ертегілер елінде», «Дружные ребята», «Веселый затейник», «Мурзилка», «Карапуз», «Чудеса и приключения детям», «OYLA» т.б.