Инновациялық және әдістемелік жұмыс

Бөлім облыстың балалар кітапханаларына әдістемелік және кеңестік көмек көрсетеді. Әдістемелік қызметтің бірлігін ұйыдастырып, қамтамасыз етеді. Жыл сайын семинарлар, кәсіби деңгейдегі конкурстар, балалар оқуы  мәселелері бойынша дөңгелек үстелдер өткізіледі.  Облыстың балалар кітапханалары қызметіне көмек ретінде библиографиялық, әдістемелік кітаптар шығарады; БУК (Белгілі уақыттар күнтізбесі) Бөлім библиографы оқырмандарға ақпарат іздеуге және әдебиет таңдауға көмек көрсетеді.

Бөлім басшысы: Жүсіпова Сәуле Жаманбайқызы

Байланыс телефоны: 8 (7212) 41 23 25 // e-mail: odb_abai@mail.ru


Негізігі қорды сақтау, құжаттарды өңдеу және толықтыру

Бөлім өзін-өзі тану деңгейін көтеру үшін және мектеп бағдарламасына көмек үшін білімнің барлық саласынан кітапхана қорын толықтырып, өңдейді.  Жыл сайын қорға 3000-нан астам кітаптар, периодикалық басылымдар, компакт-дискілер, аудио-видео кассеталар түседі, олар кітапхананың электрондық каталог «ИРБИС – 64» бағдарламасына енгізіледі.

Бөлім басшысы: Мусина Орал Маратовна

Байланыс телефоны: 8 (7212) 41 23 26 // e-mail: odb_abai@mail.ru

Кітапханалық үдерісін автоматизациялау

Бөлім оқырмандар-пайдаланушылар үшін компьютерлермен толықтырылған.  Компьютерлер Интернет жүйесіне қосылған. Бөлім қорында білімнің әр түрлі саласынан ақпараттар және қазақ, орыс және шетел жазушылардың көркем шығармалары CD-ROM дискілері бар.  Қолданушылар бүкіл әлем жүйесін (WWW) қолдану мүмкіндігімен, электронды кітапханаладың іздеу қызметін, web-сайттарды және порталдарды қолдана отырып,  мектеп бағдарламасына көмек ретінде, интеллектуалды деңгейін көтеру үшін, электронды құжаттардың толық нұсқасын оқуға(кітаптар, журналдар)   қажетті ақпараттарды таба алады.

Бөлім басшысы: Кучаева Елена Олеговна 

Байланыс телефоны: 8 (7212) 41 23 25 // e-mail:  odb_abai@mail.ru


Орта және жоғары сынып оқушыларына қызмет көрсету

Бөлім қоры 5-9 сынып оқушыларына арналған, 30 000 астам кітаптары бар.
Балалар білімнің барлық саласынан қажетті әдебиетті таба алады.
Оқу залында сабақтарға дайындалуға, реферат жазуға, газет, журналдардың жаңа санын оқуға болады.

Бөлім басшысы: Подгайнова Марина Николаевна

Байланыс телефоны: 8 (7212) 41 23 26 // e-mail: odb_abai@mail.ru


Мектеп жасына дейінгі және бастауыш сынып оқушыларына қызмет  көрсету

Мектеп жасына дейінгі және 1-4 сынып оқушылары кітапханаға жазыла алады. Бөлімде балалар жақсы көретін жазушылардың ертегілер мен әңгімелерін оқиды. Оқу залында балаларға арналған газеттер мен жүрналдарды қарап, оқиды, басылым қоры 20-дан астам атаудан тұрады.  Абонементте кітаптар 10 күн мерзіміне беріледі, егер осы мерзімде кітапты оқып үлгермесе, кітапты ұстау мерзімін тағы 10 күнге созуға болады. 3-4 сынып оқушылары электрондық каталогта кітаптарды іздеуге үйренеді.

Бөлім басшысының м.а: Черникова Ирина Николаевна

Байланыс телефоны: 8 (7212) 41 23 26  //  e-mail: odb_abai@mail.ru