Құрметті оқырмандар! Кітаптарды Оn-line арқылы тапсыру мерзімін ұзарту қызметі, кітапханаға келмей-ақ кітаптарды пайдалану мерзімін ұзартуға мүмкіндік береді. Кітапты пайдалану мерзімін ұзарту үшін, форманы толтырып мына электрондық пошта арқылы жіберу қажет: odb.prodlenie@gmail.com Формасы: Кітапхана бөлімі (0-4 сын. қызмет көрсету бөлімі; 5-9 сын. оқушыларға қызмет көрсету бөлімі); берілген күні; мектеп, сынып; аты, тегі. Кітаптарды оn–line арқылы тапсыру мерзімін ұзарту қызметі қарызы жоқ пайдаланушыларға көрсетіледі. Сұраныстарды қабылдайтын жұмыс күндері сағат 10.00 - 17.00 -ге дейін Кітапты тапсыру мерзімін ұзарту сұранысы 1-2 күнде орындалады. Назар аударыңыз! Кітапты тапсыру мерзімі бізден e-mail арқылы растау алғаннан кейін ұзартылды деп саналады. 2 күннің ішінде сұраныс мақұлданбаса, кітаптарды тапсыру мерзімін 41-23-26 телефон арқылы ұзарту қажет. Ескертеміз: • үйге 5 кітаптан артық берілмейді, пайдалану мерзімі 10 күн; • кітаптарды пайдалану мерзімін екі рет қана ұзартуға болады; • сұранымы көтеріңкі кітаптардың тапсыру мерзімі ұзартылмайды; • кітаптарды пайдалану мерзімін кітапханаға қатысу, телефон, электрондық пошта арқылы ұзартуға болады. Т.А.Ж. (міндетті түрде) Сіздің e-mail Кітаптың атауы Хабарлама мәтіні