«Заманауи кітапханашының құзыреттері»

Ағымдағы жылдың 24-25 мамырында кітапханада балалармен жұмыс жасайтын облыстың 53 кітапханашысына «Заманауи кітапханашының құзыреттері» атты тағылымдама өткізілді.
Тағылымдаманың мақсаты: облыс кітапханашыларының мемлекеттік және орыс тілдерінде өзара тиімді іс-қимылы мен дамуы үшін коммуникациялық және ақпараттық-әдістемелік алаң құру.
Тағылымдаманың алғашқы күні кітапхана директоры Б.Қ. Уатаеваның құттықтау сөзімен басталды. Әрі қарай тағылымдамаға қатысушылар үшін бағдарлама бойынша жемісті жұмыс басталды және ең бірінші болып екі тілде «Жобаны сауатты құрудың тиімді жолдары» тренингі өтті. Тренингте жобаны дайындау барысында құжаттарды ресімдеуге қажетті нұсқаулықтар берілді.
Сондай – ақ, кітапханашылар үшін Абай атындағы ОБК қызметкерлері интерактивті оқыту форматында «Kahoot» бағдарламасында викторина жасаудың алгоритмі» шеберлік сабағы, «Әлеуметтік желілерге Stories пен Reels салу», «Movavi Video Editor Plus бағдарламасында бейнероликтер жасау технологиясы», «Электрондық каталогпен жұмыс» практикалық сабақтарын өткізді.
Сабақ барысында кітапханашыларға онлайн режимінде орындау үшін үй тапсырмалары берілді.
Тағылымдаманың екінші күні кітапханашылар екі тілде «Қазақстан әдебиетіндегі жаңа есімдер» библиографиялық ойын – тренингіне қатысты. Тренингтен кейін тағылымдаманың әрбір қатысушысының шығармашылық жұмыстары қорғалды, әріптестер пікір алмасып, өз ойларымен бөлісті.
Тағылымдаманың бұл форматы әріптестерге жаңа нәрселерді үйренуге, түрлі бағдарламаларды игеруге, командада жұмыс істеу қабілетін дамытуға ғана емес, сонымен қатар кітапханашылар мен кітапхана меңгерушілеріне заманауи кітапханашының өз идеялары мен нәтижелерін іске асыруға арналған маңызды ақпараттар берілді.

Тағылымдама бағдарламасы

Балалар кітапханаларына арналған перспективті цифрлық технологиялар

Абай атындағы Қарағанды облыстық баллалар кітапханасында 23 қыркүйекте балаларға қызмет көрсететін кітапхана мамандары үшін «Балалар кітапханаларына арналған перспективті цифрлық технологиялар» облыстық семинар-практикумы өтті.
Семинар жұмысына Қарағанды облысының балалар кітапханаларынан 35 маман: қалалық және аудандық балалар кітапханаларының меңгерушілері, балалар филиалдарына жетекшілік жасайтын әдіскерлер, кітапханашылар қатысты.
Ақпараттық кеңістікті кеңейту жағдайындағы жаңа тәсілдер, балалар кітапханаларына жаңа ақпараттық технологияларды, оның ішінде мобильді қосымшаларды енгізу ерекшеліктері және кәсіби тәжірибе алмасу талқылауға барысындағы негізгі мәселелер болды.
Абай атындағы ОББ басшысы Уатаева Баян Қуанышқызы семинарды ашып, жаңа ақиқаттық жағдайдағы балалар кітапханасының жұмысындағы цифрлық технологиялар мен кәсіби құзыреттіліктің маңыздылығына назар аударды.
Қарағанды қаласының One СMM агенттігінің www.instagram.com/smm_karaganda_one/ sales менеджері Ким Полина Андреевна «Instagram» әлеуметтік желісіндегі кітапхана аккаунттарын зерттеудің негізінде кәсіби мобильді контентті құру, бейінді жобалау, әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы жіберулерді орнату жөніндегі ұсыныстар берді. Әлеуметтік желіде сторис құру мен тағайындау тақырыбы және тиімді әрі сапалы сторис жасау үшін қандай қосымшаларды меңгеру керектігі ашып айтылды. Сонымен қатар маман қауымдастықтағы қарым-қатынастың, әлеуметтік желілердегі интерактивтіліктің маңыздылығын атап өтті.
One СMM агенттігінің директоры Ганзюра Диана Юрьевна агенттіктің жұмысымен таныстырды, кітапханашылардың біліктілігін арттыруға және құзыреттілігін дамытуға ықпал ету үшін облыс кітапханаларымен ақпараттық технологиялар саласындағы ынтымақтастыққа дайын екендігі туралы айтты.
Абай атындағы Қарағанды ОБК инновациялық-әдістемелік бөлімінің басшысы Жүсіпова Сәуле Жаманбайқызы өзінің баяндамасында қазіргі заман балаларының ақпаратты медиатұтыну тәжірибесінің ерекшеліктерін, олардың арасында қандай медиаалаңдардың кеңінен танымал екенін, кітапханада цифрлық ортаны ұйымдастыруда тачскрин, электронды каталогтарды пайдалану кезіндегі сенсорлық нұсқалар, сенсорлық жабдық және т.б. сияқты жаңа технологияларды пайдалану перспективаларын атап өтті.
Жастар аудиториясымен digital – ортада өзара тиімді қарым-қатынас жасауы үшін кітапханашылар өздерінің кәсіби дағдыларын арттырулары қажет, Нұра ОКЖ ОАБК меңгерушісінің м.а. Тастыбай Ақерке Жанатқызы өзінің жұмысында бұл бағытты қалай дамытып жатқаны туралы әңгімелеп берді.
Нұра ОКЖ қызметкерлері «Service Sparkol videoscribe» оқыту жөніндегі ҚР ҰАК (Астана қаласы) тарапынан ұйымдастырылған «Сreative librarian» онлайн курсынан және «Қазақстандағы АҚШ елшілігінің қолдауымен «Kazakhstan AmCorners Network» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған «Медиа және ақпараттық сауаттылық бойынша жаттықтырушыларға арналған тренингтен» өтіп, сертификаттар алды. Мамандар біліктілігін арттырғаннан кейін осы жетістіктерімен шектеліп қалмай, барлық желі бойынша ауданның ауылдық кітапханаларына тренингтер өткізді.
Семинарға қатысқандар мен KIBEROne халықаралық бағдарламалау мектебінің https://karaganda.kiber-one.kz/ тьютері тәжірибелі веб-дизайнер Сергей Андреевич Чиняевтің арасында сындарлы диалог өтті.
Қатысушылар таныстырылым барысында кибермектептің қызметімен танысып, 6-14 жас аралығындағы балалардың қандай заманауи дағдыларды игеретіні, мектеп оқытушыларының жетекшілігімен қандай қосымшаларды жасайтыны, сонымен бірге интернетті пайдаланушылардың және әлемдегі әлеуметтік желілерді пайдаланушы балалардың саны бойынша әлемдік статистика туралы да білді.
Заманауи кітапханаларда бұдан біраз бұрын дәстүрлі емес форматтағы кітаптар пайда болды, олардың арасында жас пайдаланушылардың сұранысын толықтырған шынайылықтағы әдебиеттер ерекшеленеді.
Шахтинск ОКЖ кітапханаларды дамыту бөлімінің әдіскері Валентина Владимировна Жолнерчук бейнетаныстырылымы арқылы «Шахтинск – менің сүйікті қалам» атты толықтырылған шынайылық кітабын жасау тәжірибесімен бөлісті.
Семинарға қатысқандар бейне және 3D анимациясын көруге мүмкіндік беретін кеңейтілген шынайылық технологиясымен «Shakhtinsk» мобильді қосымшасын жүктеп алып, өлкетану кітабының мазмұнымен танысты, және де «Bigdream» баспасымен ынтымақтастыққа қызығушылық танытты.
Абай атындағы ОБК қызметкерлері барлық баяндамалардан кейін толықтырылған шынайылылықтағы «Quiver» мобильді қосымшасын, кітаптар мен оқуды ілгерілетудегі «TikTok» қызметін пайдалану жөніндегі практикалық сабақтар өткізді.
Семинардың соңында Абай атындағы ОБК басшысы Уатаева Б.Қ. «I Have a Dream» атты қазақстандық балалардың армандары туралы арт жұмыстары мен шығармаларының жинақ кітабының бірнеше данасын облыстың балалар кітапханашыларына табыс етті.
Қуантатыны, бұл жинаққа Қарағанды қаласы мен Нұра ауданы балаларының шығармашылық жұмыстары енгізілген. Кітап республикалық байқаудың қорытындысын шығарудың нәтижесі болып табылады, ол 2021 жылы «Vласть Media Group» ЖШС баспасынан жарыққа шықты және Қарағанды облысының кітапханаларына тарату үшін 64 данада сыйлық ретінде Абай атындағы ОБК берілген.
Кәсіби кездесу барлық қатысушыларға балаларға кітапханалық-ақпараттық қызмет көрсетудегі цифрлық технологиялар мен қызметтердің жаңа перспективаларымен танысу, ІТ-саласындағы жетекші мамандармен кәсіби байланыс орнату, облыстың басқа кітапханаларындағы әріптестерімен практикалық тәжірибе алмасу мүмкіндігін берді.

Бағдарлама
Семинар материалдары

Отбасын қолдаудағы және отбасылық оқу дәстүрлерін сақтаудағы кітапханашы құзыретінің рөлі

Ағымдағы жылғы 24 мамырда Осакаров ОКЖ Орталық аудандық балалар кітапханасының базасында «Отбасын қолдаудағы және отбасылық оқу дәстүрлерін сақтаудағы кітапханашы құзыретінің рөлі» облыстық көшпелі семинар өткізіліп, оған Қарағанды облысының 18 ауданындағы балаларға қызмет көрсететін кітапханалардың меңгерушілері, кітапханашылары, әдіскерлері қатысты. Кәсіби іс-шараның ұйымдастырушысы және модераторы – Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасы.
Семинардың ашылуында Абай атындағы ОБК басшысы Б.Қ.Уатаева және Осакаров ОКЖ басшысы Е.А. Еремеева құттықтау сөздерін сөйледі.
Абай ОБК инновациялық-әдістемелік бөлімінің басшысы С.Ж.Жусупова «Интерактивті әдістер: кітапханашыға балалар және отбасылық оқуды насихаттауға көмектесу» атты әдістемелік ұсыныстарын ұсынып, мамандардың назарын білікті, сауатты оқырманды қалыптастыруға, балалар мен ересектердің саналы оқуына ықпал етуге, оқу жылдамдығын арттыруға аударды.
Интерактивті форматтағы бейресми шығармашылық атмосферада семинар қатысушыларына «Оқырмандар әулеті», «Кітапханашының оқырмандық артықшылығының әралуандығы», «Әдеби подиум» атты түрлі іс-шаралардың кең ауқымы ұсынылды, олар әлеуметтік желілер мен гаджеттерді ұнататын балдырғандарды ата-аналарымен бірге оқу үшін қолына кітап алуға жетелейді.
Осакаров ОКЖ ОБК меңгерушісі О.Б.Митина «Оқырмандар әулеті» ашық іс-шарасын – 4 ұрпақтағы оқырмандар отбасының өкілі, Кавказдан арнайы қоныс аударылған грек Елефтерияди отбасының тумасы Ирина Николаевна Шерермен қызықты кездесу өткізді.
Бірнеше тілді меңгерген зияткер оқырман, дәстүрлі кітаптың жанкүйері және сонымен бірге заманауи технологияларды меңгеріп, жетекші халықаралық оқырман блогын жүргізетін Ирина Николаевнамен танысу әрбір кітапханашыға ұмытылмас әсер қалдырды.
Кәсіби іс-шара барысында кітапханашылардың әрқайсысы тікелей практикалық тапсырмаларды орындап, қазақтың салт-дәстүрін зерттеу жөніндегі «Қазыналы Қазақстан» ток-шоуына қатысты. Балаларды кітап оқуға баулудың жаңа форматы ретінде екі тілде өткізілген бұл зияткерлік ойынын Молодежный кентінің БК, топтық кітапханаларының кітапханашылары Г.Н.Глазун, В.Шинкарева, К.Т.Ахметова ұсынды.
Қарағанды облысының 18 ОКЖ кітапханашылары «Кітапханашы не оқиды?» кітапханашының оқырмандық қызығушылығының әралуандығында» атты өздерінің сүйікті кітаптарын жарнамалауда өз дағдалары мен қабілеттерін көрсетіп, өздерінің әдеби талғамдарын және балалар мен отбасылық оқуға баулу жұмысының қызықты идеяларын ұсынды.
«Балдырғанның алғашқы кітаптары» – бірінші рет оқу үшін 10 кітап; «Кітаппен бірге ержетеміз» – жасөспірімдерге арналған 10 кітап, «Менің қиял әлемім» – фэнтези және фантастика жанрындағы кеңінен танымал 10 кітап, «Бәріміз де бала болғанбыз» – отбасы, отбасылық өзара қарым-қатынас туралы 10 кітап, «Тосынсый-кітабы» – жұмбақтар топтамасынан 10 кітап атты 5 тақырыптық блоктан тұратын «Әдеби подиум» семинар қатысушыларының үлкен қызығушылығын тудырды.
Теміртау, Абай, Шет, Осакаров ОКЖ және Абай атындағы ОБК балалар кітапханаларының әріптестері өз кітапханасының кітап қорындағы кітаптарды сауатты, кәсіби түрде аша білген. Олар әр тақырыптық блоктағы 10 кітаптың мазмұнын нақты, бейнелі және қысқаша ашуда кәсіби дағдыларын көрсетті, барлық қатысушыларға өздері дайындаған жарнамалық буклеттер таратылды.
Семинар соңында Абай атындағы ОББ басшысы Б.Қ.Уатаева интерактивті семинарды қорытындылап, әріптестеріне тың идеялар мен олардың сәтті жүзеге асуын тіледі.
Оскаров ауданының тарихымен және қазіргі тыныс-тіршілігімен танысу мақсатында семинар аяқталғаннан кейін кітапханашылар үшін Осакаров кентіндегі тарихи-өлкетану музейіне және «Жастар» балалар мен жасөспірімдер орталығына экскурсия өткізілді.
Семинар аясында Осакаров ОКЖ модельді балалар кітапханаларына шығу сапарлары болды. Есіл ауылының модельді кітапханасының кітапханашысы Н.В.Пригарина, Батпақ ауылының модельді кітапханасының кітапханашысы С.А.Дрожовалар кітапхана жұмысындағы тәжірибесі мен жетістіктері туралы баяндады.
Бұл кәсіби кездесу семинарға қатысқандарға балалар мен отбасылық кітап оқуды ілгерілету жұмысының жаңа бағыттарымен танысып, осы сала мамандарының пікірін тыңдап қана қоймай, әріптестерімен практикалық тәжірибе алмасуға және ынтымақтастықтың ықтимал перспективалық бағыттарын талқылауға мүмкіндік берді.
Семинар ұйымдастырушылары барлық баяндамашыларға, қатысушыларға өздерінің білімдерімен және кітапханалық тәжірибелерімен, идеяларымен бөлісуге дайын болғандары үшін шын жүректен алғыс білдіреді!
Бағдарлама
Семинар материалдары

2
4игра
9
10
1
3династия читателей
5
6
7
8музей
9а

«Ұлттық және отбасылық дәстүрлерді сақтау мен дамытудағы балалар кітапханасының әлеуметтік-мәдени миссиясы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн конференциясы

28 ақпанда ZOOM алаңында «Ұлттық және отбасылық дәстүрлерді сақтау мен дамытудағы балалар кітапханасының әлеуметтік-мәдени миссиясы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн конференциясы өтті, оған 95 маман қатысты, қатысқандар: Ресей мемлекеттік балалар кітапханасы, Қ.Баялинов атындағы балалар мен жасөспірімдердің республикалық кітапханасы (Бішкек қаласы, Қырғызстан), Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы, Қазақстанның, Ресейдің облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханалары, Қарағанды облысының аудандық және қалалық ОКЖ.
Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Нелдібаев Ерлан Мекежанұлы, Қ.Баялинов атындағы балалар мен жасөспірімдердің республикалық кітапханасының Сұлтанғазиева Роза Қалыевна (Бішкек, Қырғызстан) қатысушылар алдында құттықтау сөздерін сөйледі.
«Дружные ребята» бөлімінің редакторы Гумирова О.Н., балалар жазушысы, «Мұнара» газетінің бас редакторы Серікбол Х.Т., «Ақ желкеннің» жауапты хатшысы Тілеген Асылан, «Чтение детям» электронды журналының бас редакторы, балалар мен жасөспірімдердің оқуы бойынша онлайн-конференцияларды ұйымдастырушысы Алексеева О.С. (Мәскеу, Ресей), балалар жазушысы, ақын, Алматы қаласының ашық әдеби мектебі жанындағы әдеби шеберлік семинарының оқытушысы Рогожникова К.В., Мемлекеттік қуыршақ театрының әдеби бөлімінің меңгерушісі Ахметова Ж.А. сияқты спикерлер пленарлық мәжілісте отбасының, қоғамның балалар газеттері мен журналдарының редакцияларымен, театрлармен, шығармашылық шеберханаларымен өзара қарым-қатынасы туралы мәселелері тақырыбында баяндама жасады.
«Балалар кітапханасы – ұлт болашағы» атты тақырыптық секция барысында әріптестеріміздің әр түрлі форматтатағы 16 баяндамасы тыңдалды. Сонымен, Ресей балалар кітапханасының (Мәскеу қаласы) бас психологы Н.А.Потмальникова «Нақты көріністегі ертегілер балаларды әдеби сюжеттердегі бірден тарту тәсілі ретінде: РМБК тәжірибесінен» шеберлік сыныбын және жазушы, дәрігер, блогер, отбасылық оқуға арналған кітаптар мен романдардың авторы, «Мы и наши маленькие волшебники» отбасылық әңгімелер байқауының ұйымдастырушысы (Мәскеу қаласы) София Агачер отбасылық оқудың медициналық-психологиялық аспектілері туралы баяндамасын кітапханашылардың назарына ұсынды.
Отбасылық оқу, балалар әдебиеті, балалар оқуындағы ойын технологиялары және ертегі терапиясы мәселелері бойынша ең қажетті және маңызды тақырыптарды ресейлік А.М.Горький атындағы Новосибирск облыстық балалар кітаханасынан, ағайынды Игнатовтар атындағы Краснодар облыстық балалар кітапханасынан, А.П. Гайдар атындағы орталық қалалық балалар кітапханасынан (Мәскеу қаласы) келген әріптестер ашты.
Бағдарлама
Конференция жұмысының бейнежазбасы

1
2
2б
3
4
5
6
7
8
10

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасы Х.Есенжанов атындағы Батыс Қазақстан облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасымен бірлесіп, Сізді Қазақстан Республикасындағы Балалар әдебиеті жылы және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығындағы халық шығармашылығы және мәдени мұра жылы аясында 2022 жылғы 28 ақпанда ұйымдастырылатын «Ұлттық және отбасылық дәстүрлерді сақтау мен дамытудағы балалар кітапханасының әлеуметтік-мәдени миссиясы» халықаралық ғылыми-практикалық онлайн конференцияға қатысуға шақырады.
Қазіргі балалардың кітап оқуының дағдарысы – тек кітапхана қауымдастығын ғана емес, ұлттың, мемлекеттің болашағын ойлайтын әрбір адамды алаңдатып отырған мәселе.
Кітап оқитын бала отбасынан басталады, мұнда үлкендердің игі үлгісі арқылы кітап оқуға деген сүйіспеншілік өте жылдам әрі нәтижелі түрде дамиды.
Ата-ана жеке дара, отбасыішілік мәселе деп қабылдайтын бұл еңбек қоғам дамуының, ұлттың рухани әлеуетін арттырудың, оның жалпы зияткерлік ресурсын қалыптастырудың ең маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.
Отбасылық оқу процесінде қарым-қатынастың психологиялық және әлеуметтік функциялары да жүзеге асады. Оның қатысушылары тек бір-бірімен араласып, бір-біріне ұқсасып қана қоймайды – олардың рухани әлеміне әдеби шығармаларда көрініс тапқан өмір құбылыстары болып табылатын әлеуметтік маңызы бар адамгершілік идеялары да енеді.
Конференцияның мақсаты: отбасылық кітап оқу дәстүрлерін сақтау тәжірибесін жинақтау және тарату, цифрлық қоғам жағдайында балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын кеңінен танымал етуге ықпал жасау.
Талқылау үшін келесі тақырыптар ұсынылады:
• ұлттық және отбасылық дәстүрлерді сақтау мен дамытуда отбасылық оқуды қалыптастырудағы кітапханалардың рөлі;
• балалар мен жасөспірімдер оқуының өзекті мәселелері: заманауи технологиялар, оқу стратегиялары тиімді ме;
• қазіргі балалар мен жасөспірімдерді дамытудағы отбасылық оқудың рөлі;
• балалар мен жасөспірімдердің оқуына цифрлық ортаның әсері;
• балалар мен жасөспірімдердің оқуын қалыптастыру үшін ақпараттық ресурстарды құру және тарату бойынша кітапхананың білім алу процесін ақпараттық және кітапханалық-библиографиялық қамтамасыз етуі;
• балалар мен жасөспірімдерге қызмет көрсететін кітапханалардың әлеуметтік серіктестігі;
• кітапты және балалар оқуын ілгерілету саласында жұмыстың қызықты тәжірибесін пайдалану;
• отбасылық оқуды, балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын психологиялық-педагогикалық қолдау мәселелері;
• қабілет деңгейі әртүрлі және әртүрлі әлеуметтік топтардағы балалар мен жасөспірімдердің оқу құзіреттілігін қалыптастыру және дамыту.
Халықаралық конференция жұмысына Ресейдің, Украинаның, Қырғызстанның және басқа да елдердің ғалымдары мен кітапханашылары, балалар ақындары мен жазушылары қатысады.
Өткізу нысаны: ZOOM алаңында онлайн форматында
Конференция идентификаторы: конференция қатысушыларына қосымша жіберіледі.
Конференция жұмысының тілі: қазақ, орыс.
Конференцияға қатысушылардан ұйымдастыру жарнасы алынбайды.
Конференция нәтижелері бойынша материалдардың электронды жинағы қалыптастырылып, қатысушыларға жолданады.
Конференцияның әрбір қатысушысы электронды сертификат алады.
Конференция бағдарламасы өтінім берілген баяндамаларды ескере отырып, құрастырылады
Конференцияға қатысуға Ұлттық кітапханалардың, облыстық әмбебап ғылыми кітапханалардың, балалар мен жасөспірімдер кітапханаларының, мектеп кітапханаларының басшылары мен мамандары, балалар жазушылары мен ақындары, балалар оқуы мен балалар әдебиеті мәселелерін зерттеуші ғалымдар, жас ғалымдар, БАҚ өкілдері шақырылады.

Мерзімі: халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысуға тілек білдіргендердің барлығынан 2022 жылғы 15 ақпанға дейін odb_abai@mail.ru электронды поштаға келесі құжаттарды жіберуді сұраймыз:
1. Конференцияға қатысудың тіркеу формасын (өтінімін) ( № 1 қосымша).
2. Баяндаманы ресімдеуге қойылатын талаптарға сәйкес келетін баяндама мәтінін (№2 қосымша). Баяндама регламенті: 10 минутқа дейін;

Байланыс телефондары:
Тел./факс 8 (7212) 41-23-25 (Инновациялық-әдістемелік бөлім)
Байланысатын тұлға:
Жусупова Сауле Жаманбаевна – үйлестіруші, инновациялық-әдістемелік бөлімнің басшысы
е-mail: odb_abai@mail.ru
Тел.: +77011893759

Қосымша 1
Қосымша 2

«Заманауи балалар кітапханасы – шығармашылық аумағы және балалар мен жасөспірімдердің оқуын дамыту кеңістігі» атты
республикалық онлайн-семинар

Ағымдағы жылғы 26 мамырда ZOOM алаңында «Заманауи балалар кітапханасы – шығармашылық аумағы және балалар мен жасөспірімдердің оқуын дамыту кеңістігі» атты республикалық онлайн-семинар өткізілді, оған 100 маман қатысты, семинарға қатысушылар арасында ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы, облыстық әмбебап ғылыми кітапханалар, Қазақстанның облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханалары, Қарағанды облысының 18 аудандық және қалалық ОКЖ қатысты. Семинарды ұйымдастырушылар: ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы, Абай атындағы ОБК.
Шарада Жұмакенов Еркебұлан Қайроллаұлы, Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы; Мұналбаева Үмітхан Дәуренбекқызы, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының басшысы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор құттықтау сөздерімен қатысушылар алдында сөз сөйледі.
Семинар барысында әртүрлі форматтағы 9 тақырып тыңдалды: онлайн-кездесу, таныстырылым, тренингтер. Қызмет көрсетудің жаңа форматындағы Қарағанды облысының балалар кітапханаларының қызметі туралы, жастармен жұмыстың онлайн түрлері туралы, жазғы оқу бағдарламаларын, кітаппен жұмыс нысаны ретіндегі қуыршақ театрын ұйымдастыру мәселелері қарастырылды.
Әріптестер Ратникова Л.Г., Ж.Бектұров атындағы ҚОЖК инновациялық-әдістемелік бөлімінің басшысы; Сарычева С.В., Қарағанды ОКЖ №12 балалар филиалының меңгерушісі; Курманова Б.Д., Балқаш ОКЖ А.Гайдар атындағы ОБҚК меңгерушісі; К.К.Искакова, Қарқаралы ОКЖ Қарағайлы кентінің балалар кітапханасының кітапханашысы өз әріптестерінің назарына балалар мен жасөспірімдердің оқуы жөніндегі жобалар мен бағдарламаларды жүзеге асыру туралы өздерінің таныстырылымдарын, кітапхана ісіндегі қызықты идеяларды, Ұлы Отан соғысы туралы балалар әдебиетін оқудағы зерттеулерді ұсынды.
Семинарға каллиграф Яна Росс қатысып, әдемі жазу өнері – каллиграфия туралы әңгімеледі, «Айтшы, Әжетай» журналының бас редакторы С.Б.Нурханова Абай атындағы ОБК және Қарағанды облысының балалар кітапханаларымен ынтымақтастығы тәжірибесімен бөлісті.
Абай атындағы Қарағанды ОБК қызметкерлері кітапханашыларға арналған шеберлік сыныптарын өткізді. Кітапханашы Алжанова Н.К. кітапхананың «Киіз үй» этноконструкторын қолдана отырып, «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру тәжірибесі туралы айтты.
Библиограф Әбдіғалым М.С. электронды құралдарды, викториналар құру үшін «AutoPlay Media Studio8» бағдарламасын пайдалану жөніндегі тренинг өткізді.
Кітапхана мамандарына онлайн-семинар Қарағанды облысының балаларына кітапханалық қызмет көрсету жұмысының жаңа бағыттарымен танысу мүмкіндігін беріп қана қоймай, әріптестерімен практикалық тәжірибе алмасуға, ынтымақтастықтың ықтималды перспективалық бағыттарын талқылауға мүмкіндік берді.
Абай атындағы ОБК семинарды ұйымдастырудағы қолдауы мен көмегі үшін Үмітхан Дәуренбекқызы Мұналбаеваның атынан тәлімгері ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының қызметкерлеріне, семинарға белсене қатысқаны үшін Қазақстанның барлық кітапханашыларына алғыс білдіреді.

Бағдарлама

1
2
3
4
5

«Балаларға кітапханалық қызмет көрсету: жетістіктері, мәселелері мен болашағы»

 Ағымдағы жылдың 28 қазанында кітапханада «Zoom» платформасында «Балаларға кітапханалық қызмет көрсету: жетістіктері, мәселелері мен болашағы» атты облыстық онлайн-семинар өтті, оған Қарағанды облысының 18 ауданынан (62 маман) меңгерушілер, кітапханашылар, балаларға қызмет көрсететін кітапханалардың әдіскерлері қатысты.

Семинар отырысын кітапхана басшысы Б.Уатаева ашты. Инновациялық-әдістемелік бөлімнің басшысы С.Жүсіпова «Цифрлық дәуірде оқу: дәстүрлі тәжірибелер, жаңа мүмкіндіктер» тақырыбында баяндама жасады, ол мамандардың назарын балалар кітапханаларында ақпараттық ресурстарды пайдалануы бойынша: жазушылардың, баспалардың, кітап блогерлерінің сайттарын, мобильді байланысты, ақпараттық арналар бойынша тақырыптық топтамаларды және т. б. бірнеше маңызды сәттерге аударды.

Қарағанды ОКЖ әдістемелік бөлімінің басшысы С.Кейкина балалар ортасында оқуды ілгерілету, кітапхана қызметіне еріктілерді тарту бойынша түрлі жобаларды іске асырудың табысты тәжірибесін ұсынды. Оның баяндамасында кітапханананың әлеуметтік мәртебесін арттыру және нығайту үшін кітапхана оқырмандарынан тыс әртүрлі саладағы азаматтарды еріктілік жұмысқа шақыру жөнінде аталып өтті.

Онлайн-семинар барысында Абай атындағы ОБК инновациялық-әдістемелік бөлімінің әдіскері М.Смағұлова Абай Құнанбаевтың «Қара сөздер» атты жаңа форматтағы суретті кітабымен таныстырды. «BAURZHAN Foundation» жеке қоры мен «Дети Рисуют Мир» қоғамдық қоры біздің кітапханаға қазақ ақынының іргелі туындысының 2 данасын сыйға тартты.

Жаңа иллюстрацияланған кітапқа ұлттық тәрбие мен дүниетаным, мораль мен құқық, қазақтар тарихы мәселелері көтерілетін қазақ ағартушысының 45 қысқаша астарлы әңгімесі мен философиялық трактатын сүйемелдейтін Қазақстанның түкпір-түкпірінен жас суретшілер жеңімпаздарының 45 шығармашылық жұмысы кірді. Қарағанды облысынан Шахтинск, Сәтпаев қалаларынан, Дубовка, Ботақара кенттерінен 7 жеңімпаз таңдалды.

Теміртау ОКЖ №5 кітапхана – филиалының жетекшісі Г. Жұмабекова «Теміртау ОКЖ балалар кітапханаларында балалар және жасөспірімдер оқуларын зерттеу» атты баяндамасында қаланың балалар кітапханаларында тұрақты түрде әртүрлі тақырыпта сауалнамалар және сұрақ-жауап жүргізіліп отыратынын, олардың нәтижелері семинарға қатысушыларға ұсынылғанын атап өтті. Оқырман балалардың оқу шеңберіне байланысты ақпараттық қажеттіліктерді білу арқылы кітапханалық қызмет көрсетудің тиімділігі артады. Бұл зерттеулер практикалық жұмыс үшін әлеуетті және нақты тұтынушылардың сұраныстарына сәйкес жаңа кітапханалық және ақпараттық қызметтерді ұсынуға көптеген ақпарат береді.

Семинар соңында Абай атындағы ОБК басшысы Б.Уатаева Instagram әлеуметтік желісінде «1941-1945 жылдардағы соғыс туралы Қазақстан әдебиеті» атты флешбуктың қорытындыларын жариялады, барлық қатысушыларға сертификаттар электронды пошта арқылы жіберілетінін хабарлады.

Балаларға қызмет көрсететін мамандарға арналған онлайн-семинар қатысушыларына, балаларға кітапханалық қызмет көрсету бойынша жұмыстың жаңа бағыттарымен танысуға, сонымен қатар әріптестерімен практикалық тәжірибе алмасуға және ынтымақтастықта жұмыс жасауға кеңес берілді.

Бағдарлама

Семинара материалдары

 

1
2.Онлайн-презентация книги
3.Выступление
5.Участники семинара

 

ӘРІ ҚАРАЙ