Әлімбаев, Мұзафар. Алақай, балақай : өлеңдер жинағы/М. Әлімбаев. – Алматы: Балалар әдебиеті, 2023. – 288 б.: сур. Кішкентай оқырман қауым қазақ балалар әдебитетінің классигі Мұзафар Әлімбаев шығармаларымен мектеп табалдырығын аттаған бетте-ақ ұшырасады. Олар ақын шығармаларын оқи жүріп жетіледі. Бұл кітапқа ақынның балаларға арналған таңдаулы туындылары іріктеліп алынды. Қошым-Ноғай, Байбота. Жасыл бояу қайдан табылады? : ертегілер / Б.Қошым-Ноғай. – Алматы: Балалар әдебиеті, 2023. -192 б.: сур. Көрнекті қазақ ақыны Байбота Қошым-Ноғайдың бұл кітабына еніп отырған ертегілерінің оқиғалары қызықты, түйіндері тосын. Көркем кестелі әр туынды өзінің жаңашылдығымен де кішкентай оқырмандарын еліктіре түседі. Қырық өтірік : қазақтың халық ертегісі/құраст. Қ. Отарбай – Алматы: Арда+7, 2023. – 80 б.: сур. Қазақтың белгілі ертегілерінің бірі де бірегейі «Қырық өтірік» балалардың сүйіп оқитың шығармасына жатады. Бала қиялын шарықтата байытатын «Қырық өтірік» ертегісі халқымыздың бай мұрасы ғана емес, жалпы ой-санасының телегей-теңіз тереңдігін, ұшқыр сезім мен қуатты ойдың иесі екеніне көз жеткізе түседі. Мусаев, Уразбай. Сусыма : ертегілер / У. Мусаев. – Алматы: Балалар әдебиеті, 2022. – 160 б.: сур. Үлкен де, кіші де көп нәрсені өмірден үйренеді, өйткені күнделікті тіршілікте ағаттықтар мен кемістіктер жеткілікті-ақ. Соларды талдап, жақсы мен жаманын ажырата білу әрбір пенденің басты борышы олай болмаған жағдайда қателіктен қателікке ұрыну қиын емес. Бұл көксеген мақсатқа жетуге кедергі жасайды. Дарынды бала әлемі [Мәтін] = Сказки народов мира: әлем халықтарының ертегілері. Т. 1 / ред. А. Хамитова ; ауд. А. Қайранов ; сур. Ж. Ерланқызы. – Алматы: Дарынды бала, 2023. – 100 б. : түс. сур. Бұл басылымдарда мектеп алды жасындағы балалар үшін ең тиімді ертегілер жинақталған. Авторлық иллюстрациялар оқырманды жаһанның түпкір-түпкіріндегі таңғажайып оқиғалар әлеміне жетедейді. Жинаққа енген ертегілер батылдыққа, тапқырлыққа, әділеттіліке, қайсарлыққа үйретеді. «Дарынды бала әлемі» жинақтарымен күн сайын жаңа ғажайып әлем ашуға болады! Мұрағат