Наурыз 20, 2025 Асық ату By odb-abai inЖаңалықтар Асық ату – қазақтың ертеден келе жатқан ұлттық ойындарының бірі. Көптеген балалар ойындары асық ойынымен байланысты, бұл қазақтардың мал шаруашылығына негізделген көшпелі бейнесімен түсіндіріледі. Сондықтан қазақтың ұлттық ойындарының көпшілігі табиғи заттармен ойнауға негізделген. Сондықтан асық ойыны көне ұлттық ойындардың бірі болып саналады. Жастайынан асық ойыны балалардың жүйке жүйесін шыңдап, ұқыптылық, есептей білу, төзімділік сияқты қасиеттерді тәрбиелеуге көмектеседі.
Наурыз 19, 2025 Турнир «Асық party» By odb-abai inЖаңалықтар Наурызнама онкүндігі аясында кітапханамызда ұлттық спорт күніне орай «Асық party» шарасы өтті. «Асық party» іс-шарасын қаламыздағы №14 мектеп-гимназиясының Дене шынықтыру пәні мұғалімі Қамай Дархан Мейрамұлы жүргізді. Балалар шеңберден асық ату, 41 асық, асық ойыны түріне көшірілген ақсерек көксерек, арқан тарту секілді түрлі асық ойындарын ойнады. Командаға бөлініп ойнаған балалар барын ортаға салды. Асық ойындары қызықты да, тартысты өтті. Іс-шара соңында балаларға тәттілер үлестіріліп, барлығы жақсы көңіл күймен тарасты.
Наурыз 18, 2025 «Ұлт діңгегі-ұлттық киім» әңгіме шолу By odb-abai inЖаңалықтар Ұлттық киім – ұлттың сәні. 18 наурыз – Ұлттық киім күніне орай кітапханада «Ұлт діңгегі-ұлттық киім» атты әңгіме шолу өтті. Аталмыш іс-шараға «Еркетайым» балабақшасының тәрбиеленушілері және №8 орта мектептің мектепалды даярлық сыныбының оқушылары қатысты. Ұлттық құндылығымызды дәріптеу және ұлттық киімді ұлықтауды ерте жастан балаларға түсіндіру мақсатында ұйымдастырылған шарада балалар танымдық ойын ойнап, жұмбақтар шешіп, кітапхана қорындағы ұлттық киімге арналған қызықты, танымдық кітаптармен танысты.
Наурыз 16, 2025 Шаңырақ күні By odb-abai inЖаңалықтар 16 наурыз – Шаңырақ күніне орай «Наурыз-базарлық» атты мерекелік құттықтау шара аясында кітапханада ата-аналар мен оқырман балаларға «Наурыз» логотипі бар естелік сыйлықтар мен ұлттық ас құрт, ірімшік, жент және т.б. тәттілер табыстау рәсімі өтті.
Наурыз 16, 2025 Көңілді ағылшын By odb-abai inЖаңалықтар «Көңілді ағылшын» үйірмесінің кезекті сабағы «Sport.Спорт» тақырыбында өтті. Балалар есте сақтауға арналған «What is missing?», «Сount and clap» ойындарын ойнап, ағылшын тілінде спорт түрлерінің атауларын жаттады. Сондай-ақ балалар тақырыпты пысықтау мақсатында жетекшінің айтқандарын қайталап, бейнероликте берілген әнді шырқады.
Наурыз 16, 2025 «Кітапкиномания» клубы By odb-abai inЖаңалықтар Кітапханада «Кітапкиномания» клубының кезекті отырысы өтті. Балалар Дэвид Йейтстің «Фантастические твари и где они обитают» фильмін тамашалады. Клуб мүшелері фильмнің сиқырлы әлем мен оның тіршілік иелерін бейнелеген көрнекілік құрамын атап өтіті. Олар сюжет желілерін талқылап, оларды Джоан Роулингтің кітаптарымен салыстырып, актерлік ойыннан алған әсерлерімен бөлісті. Сонымен қатар, қазіргі мәдениеттегі фэнтезидің құбылысы қарастырылды. Фэнтези жанрының шынайы өмірден қашып, шытырман оқиғалар мен ғажайып әлеміне ену мүмкіндігін бергені атап өтілді. Фэнтезидің әдебиетке, киноға, ойындарға және басқа да өнер түрлеріне әсері айтылды. «Кітапкиномания» клубының жоспары — фильмдер мен кітаптардың репертуарын кеңейтіп, аудиторияға тек танымал классика ғана емес, сондай-ақ қоғамда үлкен резонанс тудырған заманауи шығармаларды ұсыну.
Наурыз 16, 2025 Фетрден жасалған «Бұлт» ілмегі By odb-abai inЖаңалықтар Бүгін кітапханада кезекті шеберлік сыныбы аясында балалар фетрден сүйкімді әрі жайлы әшекей үлгісі – «Бұлт» ілмегін жасауды үйренді. Мұндай ілмекті кілтсүйегі, телефон немесе сөмке әшекейі ретінде пайдалануға болады.
Наурыз 14, 2025 «Киіз үй» By odb-abai inЖаңалықтар 14 наурыз – Амал мерекесіне орай кітапханада киіз үй этноконструкторын құру бойынша тренинг өтті. Қатысушылар қазақ халқының бай мәдени мұрасымен танысты және киіз үйді құрастыруға белсене қатысты. Бұл шара ұлттық дәстүрлерді жаңғыртып, ұрпақтарға мұра етіп қалдыруға бағытталған.
Наурыз 14, 2025 Квест-экскурсия «Библио-лабиринт» By odb-abai inЖаңалықтар Г.Потанин атындағы орта мектептің оқушылары балалар кітапханасының ғажайып әлемімен танысу мақсатында «Кітапханалық-лабиринт» квест-экскурсиясына қатысты. Оларға «Ақылмен ойла» атты қызықты ойын-сайыстан өту, «Әдеби кейіпкерлер» атты танымдық лабиринтке жол тарту, әлемге әйгілі балалар кітаптарын еске түсіріп, ребустарды шешу сияқты қызықты тапсырмалар берілді. Шара соңында жағымды әсер алған балалар кітапханаға тіркеліп, ұқыпты және белсенді оқырман болуға уәде берді.
Наурыз 14, 2025 Көрісу күні By odb-abai inЖаңалықтар Достар! Бүгін Наурыз мейрамының алғашқы күні! Баршаңызды көктемнің шуақты мерекесі – Көрісу күнімен құттықтаймыз! Бұл – жаңа жылдың, жаңа өмірдің, жаңарудың бастамасы.Осы айтулы күнге орай, кітапханамызда «Жаңа өмір, жаңа жыл, жаңа күнмен көрісу» атты көркем көрме-инсталляция ұйымдастырылды. Мұнда сіз қазақ халқының салт-дәстүрлері мен мәдениеті туралы ең үздік кітаптармен таныса аласыз. Келіңіздер, бірге Наурыздың берекесін сезінейік!