Уатаева Баян Қуанышқызы, кітапхана басшысы

 

1970 жылы 30 қазанда Қарағанды қаласында дүниеге келді. 1992 жылы Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ ұлттық мектептердегі орыс тілі және әдебиеті  мамандығы бойынша аяқтады.

2011-2012 жж. «Кітапханалық - ақпараттық қызмет» бағдарламасы бойынша  Челябинск мәдениет және өнер мемлекеттік академиясының қосымша кәсіби білім  беру институтында кәсіби даярлаудан өтті (РФ).

1993-2009 жж. О.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің қазақ тілі кафедрасының оқытушысы болып жұмыс істеді.

Кітапхана саласындағы жұмысын 2009 жылы Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми  кітапханасының кітапханаларды дамыту бөлімінде кітапханашы болып бастады. Ақпараттық-библиографиялық қамтамасыз ету бөлімінің (2012-2016 жж.) және облыстың кітапханаларын дамыту бөлімінің (2016 ж.) меңгеруші лауазымдарын атқарды.

2016 жылғы қазанда Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасы директорының орынбасары лауазымына тағайындалды.

2017 жылғы қаңтардан - басшылық қызметіне тағайындалды.

Санкт-Петербург мәдениет және өнер мемлекеттік университеті тарапынан ұйымдастырылған Халықаралық Жазғы кітапханалық мектептің оқыту курсында оқыды (РФ, 09-14 маусым 2014 ж.).

 «Innovative role of libraries in modern society and new models of training of specialists» (Заманауи социумдегі кітапханалардың инновациялық рөлі және мамандарды даярлаудың жаңа модельдері) Астана, ҚР ҰАК (20-23 қазан, 2015 ж.) тақырыбындағы халықаралық семинар мен шебарханаға қатысты.

Жарияланымдары: Қазақстан Республикасы мен Ресейдің кәсіби баспаларында, ғылыми-еңбектер жинақтарында және журналдарда жарияланды.

тел. 8 (7212) 42-47-71   e-mail: odb_abai@mail.ru

 

 

Қалиева Қалқатай Мағиқызы, кітапхана басшысының орынбасары

 

1968 жылы 10 қазанда Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Ақжар ауылында дүниеге келді. 1993 жылы Алматы қаласындағы Қазақ қыздар педагогикалық институтының кітапханатану және библиография мамандығы бойынша бітірді.

1998 жылы Өскемен қаласындағы «Қожа Ахмет Иассауи» атындағы гуманитарлық институтта кітапханашы болып жұмыс істеді.

Кітапхана саласындағы жұмысын 2000 жылдың қараша айыннан Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасына кітапханашы болып бастады. 2009 жылдың наурыз айының 16-нан қазан айының 01- не дейін Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасының директор міндетін уақытша атқарды.

Орта және жоғары сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінің басшысы (2009-2016жж) лауазымын атқарды.

2018 жылғы қарашадан Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасы директорының орынбасары лауазымына тағайындалды.

Жарияланымдары: «Орталық Қазақстан», «Алтын арай», «Ұлан» газеттерінде жарияланды.

тел. 8 (7212) 41-23-25 e-mail: odb_abai@mail.ru