ХАМЗА ЕСЕНЖАНОВТЫҢ «АҚ ЖАЙЫҚ» РОМАНЫНА 65 ЖЫЛ

Есенжанов Хамза Ихсанұлы (1908-1975) – қазақ жазушысы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.
Хамза Есенжанов – М. Шолоховтың «Тынық Дон» романының, И. Тургеневтің «Рудин», И. Шуховтың «Үшпенділік» романдарын, А.С. Пушкиннің «Дубровский» повесін, т.б. шығармаларды қазақ тіліне аударды.
Жазушының басты шығармасы – «Ақ Жайық» трилогиясы. Батыс Қазақстандағы тұтас бір кезеңнің оқиғаларына арналған. Автор отарлық езгіден қиналған халық бостандығы мен бақыты үшін күрескен ерлердің жиынтық бейнелерін (Хакім, Әлібек, Әділбек, Мүнариа, Шолпан, Нұрым) жасаумен қатар, нақты тарихта болған адамдардың (Дмитриев, Әйтиев, Қаратаев, Белан, т.б.) өмір жолын шебер суреттеді.
Орыс тіліне «Ақ Жайық» романың аударғандар белгілі жазушылар А. Ананьев және Г. Бельгер.

Есенжанов, Хамза. Ақ жайық [Мәтін] : роман / Х. Есенжанов. – Алматы : Қазақтың мемлекеттік көркем әдебиет баспасы, 1961. – 767 б.