Республикалық «Рухани жаңғыру» іс-шаралар, жобалар тізбесіне енгізілген «Жетістік формуласы» бенефис-шоуы» жобасын жүзеге асырудың жалғасы ретінде 12 желтоқсанда композитор, білім үздігі, мәдениет қайраткері, халықаралық музыкалық байқаулардың лауреаты, Қарағанды облысы композиторларының халық клубының басшысы Людмила Евгеньевна Мельниковамен диалог өткізілді. №95 гимназияның 7 сынып және №45 гимназияның 9 сынып оқушылары диалог алаңына қатысты. Балалар журналисі, жазушы, композитор, «Веселый Там-Там» балаларға арналған музыкалық-танымдық жобаның жүргізушісі Людмила Евгеньевна балалардың қазақстандық балалар музыкасын кеңінен танымал етуге және Қазақстан балаларының мәдени өміріндегі аса қызықты оқиғалардың жариялануына ерекше мән береді. Людмила Евгеньевна 2005 жылы ҚР мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет қайраткері» құрмет белгісіне ие болды. Людмила Евгеньевна біздің кітапханамыздың бұрынннан бергі досы және серіктесі болып табылады. Көптеген өлеңдерінің сөзіне әнін өзі жазған және қазақ, ағылшын, неміс тілдеріне аударылған. Балалар мен жеткіншектекрге арналған әндері, мюзиклдары жұртшылыққа кеңінен танымал. Диалог алаңының қатысушылары балалар әндерінің авторы Л.Мельниковадан оның өзінің жетістік формуласынан білді. Құрметті қонақтың айтуы бойынша: «Табысқа жету адамның өз қолында, өзіңнің сүйікті ісіңмен дарынды түрде айналысу керек, ал ерте ме, кеш пе адам көпшілікке танылады». Сонымен қатар, қонақ балаларға адамзаттың барлық даналығы сақталған мақал-мәтелдерді зерделеуді және солардың қағидаларына сәйкес өмір сүруді ұсынды. Людмила Евгеньевна үшін «Капля камень точит», «Терпение и труд – все перетрут», «Тише едешь – дальше будешь» секілді мәтелдердің маңызы бар. Заманауи, классикалық және балаларға арналған музыка туралы әңгіме қозғалды. Людмила Евгеньевна өзінің «Фестиваль» авторлық әнін орындады, балаларды өзінің әндері мен өлеңдері жинағымен таныстырып, оларды Абай атындағы кітапханаға сыйға тартты, көптеген марапаттары туралы айтып берді. Кітапханашылардан қойылған «Сіздің дүниетанымыңызға қандай үш кітап әсер етті?» деген дәстүрлі сұрақ бойынша Қонақ балаларға М.Пришвиннің кітаптарын, В.Осееваның «Динка» повесін, «Жизнь замечательныхлюдей» кітаптар сериясын оқуға кеңес берді. Іс-шара барысында балалардан қойылған 10 сұраққа Людмила Мельникова кеңінен және толық жауап берді. «Сіз заманауи музыкаға қалай қарайсыз?», «Тұлға ретінде Сізге кім көбірек әсер етті?», «Музанот жобасы қашан жасалды»?» және т.б. сұрақтар қойылды. Кездесудің белсенді қатысушылары қойған ең қызықты сұрақтары үшін Қонақтан балалар әндерінің дискілері мен өлеңдер жинағын естелік сыйлыққа алды. «ЖҰЛДЫЗҒА теңескенше оқы!» кітап көрмесінде балаларға танысу үшін заманауи балалар кітаптары, «Балалық шағымның кітаптары» тақырыптық сөресінде Людмила Мельникова әуестене оқыған кітаптар ұсынылды. Кездесу соңында Қонақ «Құрметті Қонақтар Кітабында», ал балалар «Оқырмандардың пікірі кітабында» бенефис-шоу туралы пікірлерін қалдырды.