Черноголовина Галина (1929-2015) балалар жазушысы Черногловина Галина Васильевна 1929 жылы Омбы облысында туған. Хабаров мемлекеттік педагогикалық институтын бітірген. Еңбек жолын мектеп мұғалімі ретінде бастады. 1960 жылы «Цветы голубики» алғашқы әңгімелер жинағы жарық көрді. Екі жылдан кейін балаларға арналған «Веселые странички о братце и сестричке», «Мальчик Мазайчик», «Капельки амурские» үш кітабы жарыққа шықты. 1961 жылы Қиыр Шығыстан Кубаньға, ал одан кейін, 1963 жылы Алматыға келеді, қазақстандық жазушылар ұйымының өміріне белсене араласады. 1960-70 жылдары Г. Черноголовинаның «Хрустальный лес», «Робот на час», «Ванька-Встанька Новосел» әңгімелер жинағы, «Свеча за красным стеклом», «Тыныштык – мальенькая ласточка», «Чудо-каравай» повестері және т.б. жарияланды. 1993 жылы жазушы Ресейге, Калуга облысының Кременск кентіне көшіп кетті. 2003 жылы «Княгиня Северной Весны» кітабы, 2014 жылы Ресей Жазушылар Одағының «2014 жылдың үздік кітабы» грамотасымен атап өтілген «Вечерний романс» өлеңдер жинағы жарық көрді. Галина Черноловинаның Абай атындағы балалар кітапханасы қорындағы шығармалары: