Жансүгіров Илияс

 

қазақ әдебиетнің классигі, ақын, Қазақстан Жазушылар одағының тұңғыш төрағасы

Илияс Жансүгіров 1 мамыр 1894 жылы Жетісу облысы Ақсу болысында дүниеге келді.  Ол 1920 жылға дейін ауылда тұрып, ержетті, мал бағып, егіншілікпен айналысты.

1912 жылдан бастап жаза бастады. Алғашқы өлеңдері 1917 жылы «Сарыарқа», «Тiлек» «Сарыарқа» журналында жарияланды. Жасөспірімдерді эстетикалық тұрғыдан тәрбиелеуде «Байшұбар» 1923), «Балаларға тарту» (1926) шығармалары үлкен рөл атқарды. 1928 жылы «Сағанақ» алғашқы шығармалар жинағы басылып шықты. «Күй» (1929), «Күйшi» (1934) поэмаларымен өзініңқазақ музыкасының білгірі екенін білдірді. «Құлагер» (1937) поэмасы қазақ әдебиетінің классигі болды. Кейіпкерлердің тартымды бейнелері, нәзік лиризм, қазақ өлеңінің 11-жолдық құрылымының тамаша үлгілері «Құлагерді» қазақ поэзиясының інжу-маржаны деп атауға мүмкіндік береді.

И.Жансүгіров «Кек» (1931), «Турксиб», «Исатай – Махамбет» (1936) пьесаларынң авторы. Оның «Сөз Қамысбаевқа!», «Ізет», «Шалғыбай» және т.б. фельетондары мен сатиралық әңгімелері «Ізет» жинағында басылды.

Илияс Жансүгіров мектептерге арналған оқулықтар мен алғашқы қазақстандық күнтізбені жасауға қатысты; әдеби сынмен, қазақ фольклоры шығармаларын баспаға дайындаумен, әдеби аударма жұмыстарымен айналысты.

Жетісу мемлекеттік университетіне І.Жансүгіровтің есімі берілген, ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған Талдықорған қаласының әдеби-мемориалдық музейі ашылды.

Ілияс Жансүгіровтің Абай атындағы балалар кітапханасы қорындағы шығармалары: