Скотт, Мейргрид. Роботтар мен дрондар. Кеше, бүгін, ертең: ғылыми комикс / М. Скотт ; ауд. М. Шынарбекқызы ; сур. Д. Чабот. – Астана : Фолиант, 2024. – 128 б. : түс. сур. Роботтар мен дрондар 20-шы ғасырдың жаңалығы емес, олардың тарихы әлдеқайда тереңде жатыр. Жапониядағы «каракури-нингё», әйгілі әл-Джазаридің автоматтандырылған субұрқағы мен заманауи сағаты олар туралы түсініктің өте ерте заманда қалыптасқанына дәлел бола алады. Жас оқырман, қолыңдағы қызықты иллюстрациялармен безендірілген комикс-кітап сені робототехника тарихымен, робот құрастыруға мүмкіндік беретін негізгі құралдармен таныстырады. Ал «Таңғажайып роботтар залы» бөлімінде әлемдегі ең танымал 25 роботтың тізімі берілген. Бұл кітап саған роботтарды жетілдірілген құралдардан ажыратуды үйретіп қана қоймай, өз роботыңды құрастыруға көмектеседі. Әлемнің мәдени жауһарлары: ежелгі империялардан жеткен жәдігерлер мен заманауи құндылықтар / құраст. Т. Аллан ; құраст., ел ; құраст., ерс ; ауд. А. Шәріпова. – Алматы : Алматыкітап, 2023. – 360 б. : түс. сур. Кітапта әлемдегі ең танымал музейлер мен коллекциялардағы маңызды мәдени артефактілер жайлы деректер берілді. Мұнда ежелгі заманнан бүгінге дейін жасалған мүсіндер мен заманауи жауһарлар т. б. құнды өнер туындылары туралы мәліметтер жиналған. Бұл керемет өнер туындылары қызықты оқиғаларды сипаттаумен қатар, шығармаларды жандандыра отырып, олардың көркемдігін, тарихын, тіпті жасырын мағынасын да ашады. Барречегурен, Пабло. Адам миы. Дәрігер Сантьяго Рамон-и Кахальдің түсіндірмесі бойынша / П. Барречегурен ; ауд. Ж. Жантай ; сур. И. Лоурейро. – Астана : Фолиант, 2023. – 48 б. : сур. Бұл кітапта Сантьяго есімді дәрігер мидың неліктен аса маңызды екенін түсіндіреді. Адам миының құрылымы өте күрделі әрі қызық, қызық болғаны сонша, Сантьяго дәрігер оны ұзақ жылдар бойы зерттеген. Осы тақырыпта көптеген тәжірибелер жасап, зерттеулер жүргізіп, соның арқасында аса маңызды жаңалықтар ашқан. Тіпті осы еңбегі үшін 1906 жылы физиология және медицина саласы бойынша Нобель сыйлығын алған. Ғалымның Нобель сыйлығын алуы спортшының олимпиада медалін алғанымен тең. Сантьяго Рамон-и-Кахаль — осы жүлдеге ие болған тұңғыш испан ғалымы. Енді сен адам миының қалай жұмыс істейтінін білетін боласың! Ал ол үшін саған дәрігер әрі гистолог, Нобель сыйлығының иегері және нейробиологтардың әкесі Сантьяго Рамон-и-Кахаль көмектеседі. Мұратәлиев, Нұржан. Ғажайып жерге саяхат: хикаяттар / Н. Мұратәлиев. – Нұр-Сұлтан : Фолиант, 2022. – 184 б. – (Шытырман оқиғалар). Талғампаз кітапсүйер қауымның назарына ұсынылып отырған бұл кітап — өзінің әдеби көркем тілімен, тартымды да қызғылықты оқиғаларымен, оқырман зердесіне түйетін терең ойлылығымен құнды. Автор қалам сілтеген өз тақырыбын өте жақсы меңгерген, алтын жіптей әдемі өрілген шытырман оқиғалардың жеңімпаз кейіпкерлері — бүгінгі өскелең ұрпаққа үлгі боларлықтай сүйкімді де сом тұлғалар. Жинаққа «Ғажайып жерге саяхат» және «Ақмойнақ» хикаяты еніп отыр. Сьюэлл, Анна. Мақпалқара : роман / А. Сьюэлл ; ауд. Е. Сармурзин. – Астана : Фолиант, 2022. – 200 б. – (Шытырман оқиғалар ). Романның бас кейіпкері — Мақпалқара атты сүліктей қара, желдей жүйрік тұлпар. Англияның көз тоймас табиғатында алаңсыз, бақытты ғұмыр кешіп жатқан ол күндердің күнінде Лондонның тас төселген көшелеріне тап болады. Мұнда ол әртүрлі кездесулер мен сынақтарға кез болады. Оқиға осы жүрегі мейірімге толы қара тұлпардың атынан баяндалады. Роман мейірімділікке, жақын жандарға деген сүйіспеншілікке үйретеді. Мұрағат