ҚАСЫМ АМАНЖОЛОВТЫҢ «ДАУЫЛ» ЖИНАҒЫНА 75 ЖЫЛ

Қасым Аманжолов (1911-1955) – қазақ поэзиясының көрнекті ақыны, аудармашы, публицист, Ұлы Отан соғысының қатысушысы.
1948 жылы «Дауыл» атты жинағы жарық көреді. Ол туралы үлкен ақын әрі поэзия білгірі Әбділда Тәжібаев «Социалистік Қазақстан» газетінде «Дауылды жырлар» деген мақала жазып, аса жоғары бағалайды. «Өлеңі өртке тиген дауылдай» өршіл ақынның бұл кітабына бүкіл қазақ поэзиясына жаңа өрлеу кезең туғызған таңдаулы жырлары енді. Жас ұрпақты отаншылдыққа, қайсарлыққа, адалдыққа тәрбиелеу мақсатында ақынның таңдаулы жырлары топтастырылған.

Аманжолов, Қасым. Дауыл [Мәтін] : өлеңдер / Қ. Аманжолов. – Алматы : Жазушы, 2001. – 128 б.