ІЛИЯС ЕСЕНБЕРЛИННІҢ «АЛТЫН ҚҰС» РОМАНЫНА
50 ЖЫЛ

 

 

 

 

Есенберлин Ильяс (1915-1983) – белгілі қазақстандық жазушы, тарихи романист, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1968).
Жазушының кітаптары көптеген тілдерге аударылып, жалпы таралымы 8 миллионнан астам данада басылып шыққан.
Бүгінгі күні шығармалары жапон тіліне аударылған жалғыз ұлттық қазақ жазушысы.

Есенберлин, Ілияс. Алтын құс (Бір кеншінің өмір хиқаясы) [Мәтін]:роман/І. Есенберлин. – Алматы : Жазушы, 1972. – 184 б.

«Алтын құс» романың басты кейіпкері – Сабыр, қарапайым жұмысшыдан бастаған, өмірінде көп нәрсені көрген, көкейге түйгені көп ойлы адам. Жазушы XX ғасырдың қырқыншы жылдардан осы кезге дейінгі уақыттың қатпар-қатпар сырына ойлы адамның көзімен қарайды. Оған өз өмірінен қортынды жасатады.
Осындай ғибратты өмірі бар кейіпкерлер ұсынып отырған бұл кітаптың оқушылар қауымының сүйіспеншілігіне бөленері күмәнсіз.