Өз ісіне, өзінің мамандығына берілген адамды алыстан тануға болады, егер адам дарынды болса, ол дарынды ешкімнен жасыра алмайсың. «Жетістік формуласы» бенефис-шоуының басты кейіпкері кітапхана оқырмандары мен балаларды ғана емес, осы кездесудің ұйымдастырушылары кітапханашыларды да баурап алды. «Жетістік формуласы» бенефис-шоуы жобасы Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасында бірінші рет өткізіліп отырған жоқ. Диалог алаңында мектеп оқушылары, колледж студенттері Қарағанды облысының әйгілі және табысты адамдарымен кездеседі. 24 қыркүйекте Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі және С.Сейфуллин атындағы қазақ драма театрының жетекші әртісі Қайрат Кемаловпен кезекті кездесу өткізілді. Жайма-шуақ ортада құметті қонақтан оның өмірі, отбасы, балалық шағы туралы сұрап білді, және де Қайрат Кемалұлы өзінің ең жақсы жылдарын, отбасылық оқиғаларын, дарынды және дана ұстаздарын қуана еске түсірді. 1957 жылы Жаңаарқа ауданының шағын аулында әртістік өнер туралы ештеңе білмейтін ер бала дүниеге келді, бірақ ол кішкентай кезінен қиялдауды, ақсақалдардың аңыздарын тыңдауды, адамдарға сенуді, музыканы және ән айтуды жақсы көрді. Қайрат Кемалұлы актер мамандығына қалай әуестенді? Қарағандыда театрға бірінші барғаннан жас жігітті баурап алды, ол залдан шығысымен «психологиялық» ауруға тап болды, апта бойы жасөспірім жігіт көріп-естігенінен айыға алмады. «Мен актерлермен бірге басқа әлемге кетіп қалдым, содан кейін осының әсерінен өлең жаза бастадым», – деді Қайрат Кемалұлы. Өмірдің өзі дарынды баланы көзге түсірді, мектеп-нтернатта жақсы оқыды, Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваторияны бітіріп шықты. Диплом алғаннан кейін Алматыда Әуезов атындағы академиялық театрда бір жыл жұмыс істеді, бірақ басты рөлдерде ойнауды өзінің Отанында, Қарағанды Сәкен Сейфуллин театрында бастады. Бүгінде Қайрат Кемалов өзі ойнайтын рөлдерін шеберлікпен және шабыттана орындап, өнер сүйгіш қауымды қуантуда. Бенефис – шоудың «Сіздердің дүниетанымыңызға қандай кітаптар әсер етті?» басты сұрағына Қонақ М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясын, батырлар туралы қазақ халық эпостарын, өз халқы мен елінің тарихы туралы кітаптарды оқуға кеңес берді. Кездесу барысында 10 сұрақ қойылып, Қайрат Кемалұлы барлығына жауап берді. №92 гимназияның 9 сынып оқушысы Унайбеков Алишердің «Сіз үшін байлық деген нені білдіреді?» сұрағы үздік деп танылды. Осы сұрағы үшін Алишер басты қонақтан «Моңғол» патриоттық фильмінің дискісін сыйға алды. «ЖҰЛДЫЗҒА теңескенше оқы!» кітап көрмесінде балаларға танысу үшін заманауи балалар кітаптары, «Балалық шағымның кітаптары» тақырыптық сөресінде Қайрат Кемалов әуестене оқыған кітаптар ұсынылды. Кездесу соңында Қонақ «Құрметті Қонақтар Кітабында», ал балалар «Оқырмандардың пікірі кітабында» бенефис-шоу туралы пікірлерін қалдырды.