Өзектілігі 2018 жылдың жаз айларында инновациялық-әдістемелік бөлім оқушылардың каникул кезеңдерінде балалардың бос уақытын ұйымдастырып және олардың шығармашылық пен танымдық қасиеттерін дамыту үшін тәрбиелік кеңістік құру мақсатында «Қызықты ғылым» қызықты фактілер күндерінің циклін іске асырды. Тәжірибелік сабақтар өткізілді: «Уақытқа саяхат – күнделікті тұрмыстан шыққан техникалық заттармен танысу» сумен, магнитпен, құммен, содамен «Невидимые чернила».” танымдық тәжірибелері өткізілді. Жазғы кезеңдегі эксперименттік іс-шаралар балаларға ұнап қызығушылықтарын арттырды және «Қызықты ғылым» кітапханалық зертханасын құру арқылы тәжірибелер тақырыбын кеңейтіп, жалғастыру туралы шешім қабылданды. Мазмұны 2022 жылы «Қызықты ғылым» – Физика, Химия, Биология, География, Табиғаттану элементтерін қамтитын курс төртінші жыл жүзеге асырылуда. Кітапхана оптикалық аспаптардың көмегімен биология, астрономия бойынша жаратылыстану-ғылыми түсініктерді дамытуға бағытталған оқырмандардың ой-өрісін кеңейтті. Зертхананың міндеті: балаларға ғылымның қаншалықты қызықты және көңілді болатынын көрсету, балалардың ғылымға деген қызығушылығын ояту, сонымен қатар балаларды танымал ғылыми әдебиеттерді оқуға тарту. Білім беру мақсаттары: балалардың микроскоп, телескоп туралы білімдерін бекіту, зерттеу құралдарын қолдана білуін қалыптастыру. Даму мақсаттары: балалардың телескопта қарастырылған әртүрлі заттарды микроскоппен салыстыру қабілеттерін дамыту, балалардың сөздік қорын ғылыми терминдермен белсендіру, қызығушылықтарын, зейіндерін, зерттеуге деген қызығушылығын дамыту. Жаратылыстану ғылымдары заңдарына негізделген кітапхана зертханасының қызықты сабақтары балаға қуаныш пен шаттық әкеледі. Бұл форматтағы жаңа білімді балалар оңай қабылдайды, кітапханашылармен бірге өткізілген сабақтар балалардың білімге деген қызығушылығын оятады. Зертхана бағдарламасы 7 практикалық сабақтардан, атап айтқанда тәжірибелер мен эксперименттерден тұрады. Балаларға арналған тәжірибелер қарапайым және түсінікті. Сонымен қатар, эксперименттер балаларға кітапхана ақысыз беретін материалдарға негізделген. Зертхана бағдарламасын құрастыру кезінде келесі принциптерді ұстанды: жас ерекшеліктерін ескеру, барлық балаларды белсенді әрекетке қосу, қол жетімділік пен көріну, теорияның практикамен байланысы. Өткізу мерзімі: 2022 жылғы 18 ақпаннан бастап әр айдың үшінші жұмасында сағат 15.00-де. Сабақтың ұзақтығы-1 сағат. Әрбір сабақ кітаптар мен журналдарды шолумен, зертхана тақырыбына сәйкес келетін танымдық роликтерді, мультфильмдерді көрсетумен сүйемелденеді. БАҒДАРЛАМА 2022 «Жанартау» тәжірибесі «Магнит» тәжірибесі «Түрлі-түсті жалын» тәжірибесі «Шар және ас содасы» тәжірибесі Архив