ҚАСЫМ ҚАЙСЕНОВ – 105 ЖЫЛ

Қасым Қайсенов (1918 – 2006) – Қазақстан Республикасының Халық қаһарманы, А. Фадеев атындағы Халықаралық сыйлықтың лауреаты, қазақстандық жазушы, Ұлы Отан соғысының ардагері.
2023 жылы Халық каһарманы – Қасым Қайсеновтың туғанына 105 жыл.
Қасым Қайсенов Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Асу-Бұлақ кентінде дүниеге келген. Мектептен кейін, 1934 жылы Өскемен қаласындағы саяси-ағарту техникумына оқуға түседі. 1938 жылы техникумды аяқтаған соң, Павлодар облыстық халыққа білім беру бөлімінде нұсқаушы болып, әскер қатарына шақырылады, кейін әскери барлау мектебіне жіберіледі.
Қасым Қайсенов – қазақ әдебиетінде партизан соғысы тақырыбының негізін қалаған жазушы.
Ұлы Отан соғысы жылдары Украинада партизан тобын басқарды. Молдавия мен Украинаның Закарпатье бөлігінде, Чехословакия мен Румыния аумағындағы шайқастарға қатысты. Әскери архивтерде Қасым Қайсенов туралы жарқын мазмұндағы, маңызды тарихи оқиғалар өте көп.
Қасым Қайсенов Ұлы Отан соғысының ең қиын кезеңдерін, қарапайым жауынгерлердің көзсіз ерліктерін шынайы сипаттаған көптеген шығармалардың авторы. Оның алғашқы кітабы «Жас партизандар» 1954 жылы жарыққа шықты. Одан кейін «Илько Витряк», «Партизаны Переяславля», «В пасти у смерти», «Мальчик в тылу врага», «На Днепре», «В тылу врага», «Партизанские тропы», «Жау тылында», «Сол бір жылдарда», «Ағалар туралы аңыз», «Жау тылындағы бала» кітаптары және көптеген әңгімелері, очерктері, повестер жинақтары басылып шықты.
Автордың көптеген шығармалары орыс, украин және басқа тілдерге аударылды. Соңғы уақытта жазушы «Я верю в будущее своей страны» және «Воспоминания и записки» кітаптарын басып шығарды.
Өскемен қаласында Қ.Қайсеновтің ескерткіші қойылған және көшеге есімі берілген.
Қазақстанның, Ресейдің және Украинаның кинематографистері бірлесе 2013 жылы «Без права на выбор» («Қасым») фильмін түсірді.

Қ. Қайсеновтың кітапхана қорындағы шығармалары: