Ақпараттық шақыру-хаты 30 қыркүйек күні сағат 10.00-де «Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасы» КММ «Балалар кітапханасы өскелең ұрпақты патриоттық тәрбиелеудің ресурсы ретінде» облыстық практикалық онлайн-семинары өтеді. Облыс балаларына қызмет көрсететін балалар және балалар-жасөспірімдер кітапханаларының, бұқаралық кітапханалар филиалдарының меңгерушілері, әдіскерлері, кітапханашылары; Қарағанды қаласы мектеп кітапханаларының меңгерушілері шақырылады. Семинар ZOOM платформасында өткізіледі. Семинар бағдарламасы Уақыты Тақырыбы және спикерлер 10.00 – 10.03 Семинардың ашылуы. «Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасы» КММ басшысы Уатаева Баян Қуанышқызы 10.03 – 10.11 «Өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беру: Қарағанды облысының балалар кітапханалары жағдайындағы жұмыс тәжірибесі, мәселелері және болашағы» – Абай атындағы ОБК инновациялық-әдістемелік бөлімінің басшысы Жүсіпова Сәуле Жаманбайқызы 10.11-10.19 «Жас оқырмандардың шығармашылық бастамасы және әдеби мүмкіндігін дамыту» – Абай атындағы ОБК инновациялық-әдістемелік бөлімінің әдіскері Смагулова Мадина Сағатқызы, 10.19 – 10.27 «Кітапхана және балабақша: табысты ынтымақтастықтың шегі» – Саран қ.ОКЖ-нің қаланың мектепке дейінгі мекемелерімен жұмыс тәжірибесінен. Саран ОКЖ № 3 кітапхана-филиалының аға кітапханашысы Түгелбаева Ботагоз Мұратқызы 10.27 -10.35 «Кітапханаға оқырман тарту мақсатында жұмыс жүргізу: инновациялық технологиялар мен жаңа әдіс-тәсілдер» – Шет ОКЖ Ақсу-Аюлы а. аудандық балалар кітапханасының кітапханашысы Қойшыбаева Арайлым Мұратқызы 10.35 – 10.43 «AutoPlay Media Studio8» және «Movavi Video Editor Plus» бағдарламасын пайдаланып, өлкетану электрондық әдістемеліктер, викториналар жасау» – практикалық сабақ – Абай атындағы ОБК инновациялық-әдістемелік бөлімінің кітапханашысы Әбдіғалым Мерболат Сағатұлы 10.43 – 11.00 Семинардың қорытындысы «Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасы» КММ басшысы» ____________ Б.Қ.Уатаева